|  | 

Саясат

Берік Өтемұрат отставкасы жайлы әзірше түсінік бермеді

Қазақстан ұлттық банкі өкілі Берік Өтемұраттың батыс баспасөзіне сұхбаты дүрбелең тудырды. Ұлттық қордың жағдайы жайлы пессимистік мәлімдемесінен соң қызметінен алынған ол бұл туралы айтудан бас тартты.

Берік Өтемұраттың «Қазақстан ұлттық банкі ұлттық инвестициялық корпорациясының» басқарма төрағасы болған кездегі суреті.

Берік Өтемұраттың «Қазақстан ұлттық банкі ұлттық инвестициялық корпорациясының» басқарма төрағасы болған кездегі суреті.

«Қазақстан ұлттық банкі ұлттық инвестициялық корпорациясы» (ҚҰБ ҰИК) акционерлік қоғамының жетекшісі аяқ астынан ауысты: Берік Өтемұраттың орнына басқарма төрағасының өкілетті мерзімі аяқталғанға дейін осы қызметке Есжан Біртанов тағайындалды. Осы аптада қазақстандықInformburo ақпараттық агенттігі «Берік Өтемұратты қызметтен алу ҚҰБ ҰИК жетекшісінің Wall Street Journal басылымына, мұнайдан түскен үстеме кірістен құралатын Қазақстан ұлттық қоры қаржысы «6-7 жылда сарқылуы мүмкін» екенін мәлімдеген бүкпесіз сұхбатымен бір мезгілге қатар келгенін» хабарлаған еді.

Американың Wall Street Journal журналы сайтында жарияланған мақалада «[Қазақстан ұлттық банкі] өкілінің айтуынша, мұнай бағасының құлдырауы салдарынан кірісі кеміген Қазақстанның 64 миллиард доллар көлеміндегі мұнай қоры алты не жеті жыл ішінде ақшасыз қалуы мүмкін, ал үкімет болса жиған-тергенін жұмсап жатыр» деп жазылған.

«Ембімұнайгаз» компаниясының мұнай кеніші. Атырау облысы, 4 сәуір 2012 жыл.
«Ембімұнайгаз» компаниясының мұнай кеніші. Атырау облысы, 4 сәуір 2012 жыл.

Wall Street Journal Берік Өтемұраттың «2014 жылдың тамызында ең жоғарғы көрсеткішке – 77 миллиард долларға дейін жеткен ұлттық қор жинағының көлемі 17 пайызға азайып кетті. Үкімет жыл сайын қордан 9 миллиард 500 миллион доллар жұмсайды. Қазақстандық саясаткерлер мен ұлттық банк шығынды азайтып, салық түсімін ұлғайтуы және қор қаржысын тікелей инвестиция сияқты үлкен кіріс әкелетін активтерге салуы тиіс» деген сөздерін келтірген.

Американың Bloomberg сараптама агенттігінің пікірінше, «мұнай бағасы соңғы 11 жылдағы ең төменгі деңгейге түсіп, шикізат саласындағы кіріс соңғы рет 1999 жылы байқалған деңгейге дейін құлдырауына байланысты Қазақстаннан бастап Оңтүстік Кореяға дейінгі әлем елдерінің ұлттық әл-ауқат қорларында жатқан 7,1 триллион активтерге жаңадан кіріс кірмей қалу қаупі бар».

Берік Өтемұраттың айтқаны Қазақстан баспасөзі мен әлеуметтік желілерде дүрбелең тудырды, іле-шала ол қызметінен алынды. Әйткенмен, «ҚҰБ ҰИК» бұрынғы басшысы жергілікті ақпарат құралдарына бұл мәселеге қатысты комментарий беруден бас тартты.

Берік Өтемұрат Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында: «Wall Street Journal мен Financial Times басылымдарындағы мақалалардан кейін жергілікті БАҚ-тың көбі комментарий сұрап, таныстарым ойларын айтып жатыр. БАҚ өкілдерімен сөйлесуден принципті түрде бас тарттым. Меніңше, ешкімнің жеке басына тиісіп, артық ештеңе айтқан жоқпын. Егер қалаған жағдайда өзгеше болар ма еді, бірақ ондай жоспарым болған емес. Әрқилы әрі қызықты пікірлер түсіп жатыр. Дені-қарным сау, ешқандай қысым болған жоқ және өзімді жағдайдың құрбанымын деп сезінбеймін. Мен көтерген мәселеге жұрт назарын аударғанына қуаныштымын. Ал жалпы алғанда, мұрыннан қан кетіп жатқанын жұрттың бәрі түсінеді ғой, сондықтан айтқанымды тың жаңалық деуге келмес. Диагнозға қатысты және оны емдеу жолдары жайлы жеке ой-пікірлерімді, бәлкім, кейінірек жазармын» деп түсіндірген.

ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ТРАНЗИТ

Жапонияда шығатын Diplomat газетінің жазуынша, Украина өзімен сауда-саттық жасайтын негізгі бес әріптес елдің бірі – Қазақстанға тауарын Ресей территориясын айналып, Грузия мен Әзербайжан арқылы тасымалдауға тырысып жатыр. Мақала авторлары Еуропа мен Ресей арасындағы шиеленістің Қазақстан-Украина сауда-саттығына қауіп төндіріп тұрғанын айтады. «Қазақстан өзінің әлдеқайда кең экономикалық мүдделері мен Ресеймен жақын қарым-қатынасы және Ресей мен Еуропа арасындағы сауда шайқасының зардаптары (өзіне қарсы әдейі жасалмаса да) ортасында қалып, әрі-сәрі күй кешіп отыр» деп жазады Diplomat басылымы.

Жапон басылымы Азаттықтың Украин қызметі сайтында жарияланған Украина инфрақұрылым министрінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, «Қазақстанға Грузия мен Әзербайжан арқылы «эксперименттік» жүк тасымалдау сапары 15 қаңтарда басталады» деп хабарлаған.

«Бұл бағыт экономикалық тұрғыдан тиімді бола ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді, бірақ бұл маршрут Қазақстанға тауарды жүк автокөліктерімен немесе темір жолмен тасымалдау құнынан қымбатқа түсуі тиіс. Грузия мен Әзербайжан территориясы арқылы Қазақстанға жеткізілетін Украина тауарлары транзиті Қара теңіз бен Каспий теңізін де кесіп өтуі тиіс. Сондықтан бұл арзанға түспесі анық» деп жазады Diplomat.

Анна КЛЕВЦОВА

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: