|  | 

Қазақ шежіресі

«Керей» және  «Керейт»  этнонимдерінің шығуы мен зерттелуі хақында

Төлегенұлы Қажымұрат

ҚР «Ұлттық музейінің» қор сақтаушысы

tkzhymurat@mail.ru Tel: +77028943137

 

Kerey taryhi

 

Еуразия  кеңістігінде “керей” атауы ежелден бері бар. Венгер  ғалымы  Ю. Неметтің “Керейт, керей, гирей” атты мақаласында, бұл этноним  Алтайдан Венгрияға дейін таралғанын айтады [1, 100 б]. Керей қазақта орта жүзде, кіші  жүз жетіруда  керейт, найман-матайда қара керей болса, түркменде, өзбекте, башқұртта керейлі, керей, герей, крей атаулары кездесе. Адам есімдері ретінде: Керей хан, Керей, Ахмет Керей, Махмұт Керей, Қажыкерей, Керей (хылей) атуларыменде тарихта белгілі. Керей этнимологиясының нақты атауын беріу, оған жүйелі талдаулар жасау өте маңызды болып отыр. Негізгі дерктерге сүйене отырып,тарихқа жаңаша көзқарастармен қарау арқылы  «керей» сөзі мен оның шығуы жөнінде жаңаша ойлар қалыптастыру зерттеуімізге негіз болады. Тақырыпта негізінен керейлер жайында жазылған негізгі деректер көрсетіледі. Сонымен бірге осы жайындағы зерттеушілердің пікірлері мен олардың тұжырымдамаларыда қарастырылған. Осы негізде «керей» сөзінің зерттелу тарихының маңыздылығын атап көрсету маңызды.

Қазақстан өз егемендігіне қол жеткізіп, тәуелсіз, дербес мемлекет болып қалыптасқаннан бері өз тарихын  қайта зерттеуді қолға ала бастады. Нәтижесінде көптеген мәлметтерге қол жеткізді. Солардың бірі қазақтың негізін құраған ру-тайплардың генеологиясын зерттеу болып таблады. Осының негізінде «Алаш тарихи зерттеу орталығының» шығарған «Қазақ ру-тайпаларның тарихы»  атты көп томдық негізінен бұрынғы зерттеулердің ізін жалғастырушы еңбектердің қатарына жатады. Бұл саланы зерттеуде отандық және шетелдік ғалымдар көп тер төкті. Қазіргі таңда осы бағытта көптеген іс шаралар жаңа бағытта және жаңадан қолданысқа енген деректерге сүйену  арқылы талданып,зерттеу айырықша қолға алынды. Енді осы жөніндегі негізгі деректерге көңіл бөлсек.

Керей атауының қайдан шыққанын, керейлердің кім екенін, қандай ел болғанын біз орта ғасырлық  қытай, парсы, араб, моңғол, түрік жылнамаларынан, сонымен бірге осы деректерді негізге ала отырып зерттеген орыс, неміс, француз, қытай, қазақ, жапон т.б ғалымдардың еңбектерінен біле аламыз. Қытайтанушы және тарихшы ғалым Ж.Ошанның айтуынша, “Цзинши”(Цзин патшалығының кітабы) кітабында Керей хандығының XII-XIIIғ.ғ аралығындағы саяси тарихына қатысты аса құнды мәлметтер болса, “Юань чаоби ши”атты кітаптың бізге жеткен нұсқасы 1368-1399ж қытайша эроглифпен жазылған,бұл керей хандығын зерттеудің бірегей нұсқасы, ал  У гуанченнің  “си ся шу ши”атты еңбегінде керей хандығының таңғұт елімен қарым-қатынасы айтылады.[2,4-5 б] Мұсылман деректерінің алатын орныда өте зор. Оның ішінде ең бастылары А.Жувейнидің “Тарих-и джахан-гушай”, Ф.Рашид ад-дин “жамиғ ат-таварих”еңбектері елеулі орын алады. Сонымен бірге М.Қашқаридың, Тарих әл-маруазидің, Әбілғазының еңбектері аталады. Итальян жиһангезі П.Карпинидің “Моңғол тарихы”, француз Г.Рубрук “шығысқа саяхаты”, Марко Полоның “Саяхатнамасы” қатарлы еңбектерінде тақырыпқа қатысты деректер сақталған. Кейінгі зерттеушілер осы дереккөзіне сүйенеді.

Моңғол тарихын зерттеу Еуропада XVIII-XIXғ басталды. Ең әуелі француз ғалымы Ж.Дегиньді, екінші француз ғалымы К.Доссоның әйгілі еңбегі 1824ж баспадан шықты. Ағылшын ғалымы Х.Ховорс 1888ж “Моңғол тарихы” еңбегі жарық көрді. Бұлардың ізін жалғастырушы керей этногенезін зерттеуші шығыстанушы П.Пельон болды. Р. Груссе өзінің “Дала империясы”, “Моңғол империясы”, “Шыңғыс хан жаһанды жаулап алушы” атты еңбектерінде керей  хандығының тарихына қатысты аса құнды мәлметтер жазды. Сонымен қоса Л.Гамби, Э.Блоше, Ф.Обэн, Ж.Ришар, Л.Базен, кейіннен Дж.А.Бойла, Моуле еңбектерімен жалғасты.  Ресей ғалымыдары Н.Я.Бичурин, П.И.Кафаров, А.М.Позднев алғаш болып қытай деректерін аудара бастады. Кеңес үкіметі кезінде олардың жолын жалғастырған С.А. Козин “Юань чао би ши” кітабын аударуды одан әрі жалғастырды. Мұндай жұмыстың қатарын Б.И.Панкратовта атқарды. Керейлердің этногенезіне қатысты аса құнды пікірді Г.Н.Потанин алға қойды. Патшалық ресейде әйгілі ғалым В.В.Бартоьд еңбектерінде де керей атауы кездесті. Б.Я.Владимирцов, В.В.Радлов, Н.А.Аристовтар керейлердің тілі мен шығу тегі туралы алтынға бергісіз мәлметтер келтірді. Бұларды Л.Н.Гумилев, Е.И.Кчанов, А.Қ.Камаловтр жалғады. Еліміздің қытай танушы ғалымдары қытай деректерін түп нұсқадан пайдалана отырып жекелеген дәуірлерге қатысты деректерді жинақтай бастауы 60 жылдардан басталды. Олардың қатарына Ю.А. Зуев, А.Ш.Қадырбаев, К.Ш.Хафизова, А.Қ.Камаловтар болды. Керейлердің этногенезі,тілі,тарихи мәселелері туралы отандық ғалымдардыңда үлесі зор. Олардың қатарына Ш.Құдайбердіұлы, М.Тынышбаев, С.А. Аманжолов,  Ш.Уалиханов, Ә. Марғұлан, М.Аманжолов, С. Мұқанов, М. Мұқанов, Х. Арғынбаев, В.Восторов. М.Ақынжанов, Б.Еженханұлы, З.Қинаятұлы, Н.Мыңжан, сонымен бірге Нұрмағамбетұлы, А.Абдрахманов, Ж.О.Тектіғұлдардың қазақ ту-тайпаларының этнонимін зерттеді және керейлерге қатысты көлемді еңбектер жазды. Бұл зерттеулер отандық тарих ғылымын алға жылжытты. Мұндай зерттеулерден жапондық  ғалымдарда қалыс қалмады. Олар  өткен ғасырдың бірінщі ширегінде араласа бастады. Зерттеушілердың алғашқыларының бірі болып Маеда Наунори табылды.Ол өзінің “X ғ тоғыз татар”, “моңғол тайпасының бас көтеруі және керейлер”атты мақалаларында керейлер туралы айтса, Мураками Масацугудің “Моңғол империясы құрылудың алдындағы көшпенді тайпалар”деген еңбегі мен Сакурай Масуоның “Керей туралы зерттеу”деген еңбегін көрсетуге болады.[2,6-7б]Бұл еңбектерден түркі және моңғол тайпалары жайындағы негізгі мағлұматтарды ала аламыз. Сонымен бірге “керей”тайпасы жайындағы, олардың этногенезі мен өмір сүруі жөніндегі  соңғы болжамдармен  тұжырымдар айтылған. Осы ғалымдардың айтқан ойларын қарай отырып біз жаңа ойлар туындатамыз.

Керей этнонимінің шығуы жөнінен және қолданылуы жағынан бізгедейін сан қилы атаумен тілдік және дыбыстық  жағынан өзгеріске ұшырап келген  белгілі бір тайпа атуы немесе сол тайпаның көсемінің атымен байланысты болуы мүмкін. Ал түркі тарихына бажайлай қарайтын болсақ көптеген тайпалар мен рулардың, ұлттар мен  халықтардың аттары сол этностың  өзін  қоршаған табиғи ортаға, географиялық нысанға байланысты болып келеді [3.54б] Орхон – Енисей жазбаларын зертеушілердің бірі Қаржаубай Сартқожаұлының “Ана тілі” апталығына ұсынған қолжазбасында Керлін өзені және ол өз басын алатын «Кентай» тауына қатысты пікір келтірген. Онда көне түркі жазуларыда бұл қос жер аты “кейре” түрінде көрініс бргенін айтады. Ал Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі тоғыз байырқулар мекендеп келе жатқан жер дейі.Олар бірде “Тоғыз байырқу”, бірде “Тоғыз оғыз”, бірде “тоғыз керейлік”, одан соң “керейлер” болып өзгерген сияқты дейді.[4,32б] Керейт сөзінің түбірі “кер” және “ейт” аффикстерінен құралған. Орта ғасырда қазақ халқында “кер” сөзі жиі кездседі. Мысалы,түркі халқтарының бәріне тән эпос “Кероғлы”, Жамбыл обылысындағы Шу-Кербұлақ, Монголия мен Қытайдың териториясындағы Керулен (кер-олен) өзені, Алматы обылысындағы Кербұлақ ауылы. Ал айт және ейт қазақ тілінде сөз тудырушы жұрнақ ретінде кездеседі. Мысалы,аз-айт,мол-айт, көб-ейт, кең-ейт,т ар-айт т.б. Кер сөзінің орысша нақты мағнасы “высокомерие”деп айтылады. Қазақ тілінде жеке адмға,тұлғаға керадам деп мінездеме береді, ал ол дегеніміз “парасатты, жоғарғы деңгейдегі,а қылды адам” дегенді білдіреді [5.216б] “Керей” термині шығуы жайында ғалымдардың пікірлері әр түрілі және жан жақты болып келеді. Қытайлық деректер керей этнониміннің “кэле”, “кайле”, “кэле-и”, “целе”, “цели-и” деген транскрипиялар ұсынылған. Бұл транскрипция “керей” деген сөздің арты қосымшасыз жазылған қытайша транскрипциясы. Соған қарағанда қытай деректері бұл мәлметті керейлердің өз аузынан естіп транскрипциялаған. Қытай деректерінде керей елін “сары ел” деп те атаған. Мұны таңғұт  молаларынан табылған “сары татар елі” деген жазулар жазылған ескерткіштердің сынықтары анықтайды. Керей этнонимінің түбірі болған “кері” деген сөздің түрік-моңғол тілінде “дала”деген мағнасы болған. Моңғолдық әдебиеттер оны “хээр”деп жазған. Сол сияқты “сары” сөзінің де “дала” деген мағнасы бар[2,14б] Ал парсы тлінде“кәре”(кере)деген сөз кезігеді, мағнасы “сары май”[6,323 б] XIIIғ. жарияланған Араб-түрік сөздігінде “керейағ”сөзі келтірілген, орысша аудармасы-“сливочное масло”,қазақша-сары май ретінде келеді [7,142б].М. Ақанов: “Керей тайпасын яғлақар (мағнасы май,  парсыша:кере) мен сиыр (ұд) руларының қосндысынан құралған ‘этнос деп қабылдаған орынды. Олай болса “керейт” атауы да екі сөздің-кере+ұд-біріккен термині” дейді [8,23-27б] Әр түрлі деректерде “керей” атауының берілуі он шақты аталым екені көрінеді. Мысалы: кэ-ле (Бичурин), кіле (Н.Мыңжан), хээрэит(Ш.Уалиханов), кереит, керей, херей (Г.Е.Грумм-Грижемайло), кирей (өзен Н.А. Аристов), керлин (өзен Ә.Нұрмағамбетұлы), хэрэйт (В.В.Бартольд), кари (Березин), хэрэт (Рашид ад-дин) деп келтіріледі [9,51 б] “Керейттің мағнасы- «қара», «баран» деген. Бір кісінің жеті баласы бар еді, барлғыда қара болды, сондықтан оны керейттер деп атап кетті” – дейді Әбілғазы өз шежіресінде. [11.41.б ]Сонымен бірге осы еңбектегі дерек көздерінің бірі болған Рашид ад-диннің “жамиғ-ат тауарих” атты еңбегінде де “керей”сөзін “кер”, “қара” деп атай келе  “керей” тайпа атауы екенін, одан тек хандар шыққан ру екенін және басқа тайпалар осы руға бағынғанын айтады [12,14-128 б]   Орта ғасырлық жазба деректерде – «Маңғолдардың құпия шежіресі», «Моңғолдардың алтын тарихы» сияқты кітаптарда «керей» атауы «керейт» түрінде де берілген. Ал  «Иуан патшалығының тарихында», «кіле»,  «хыле»,  «клейі»,  «хлейы» деп жазылған. Ал мұндағы  «Хылей» атауы адам аты ретінде  «Таң патшалығының көне тарихында» кездеседі. Онда Хылейді Керіннің баласы Хылей қаған атанған [13,157 б] Парсы және түркі шығармалары «жамиғ-ат тауарих», «Шежиреи турки» сияқты кітаптарда «керейт» түрінде кездеседі. Көне түркі тілінде «т» қосымшасы көпше түрдегі қосымша ретінде «лар», «лер» ретінде қолданылады. Яғни, «керейт» – «керейлер» деген сөз. Сонымен қатар З.Қинаятұлы «кереи» бұл «керейт» сөзінің түбірі, ал «т» Моңғол-Туунгусша көптік жалғауы екенін айтады [14,46 б] “Керей” атауының нақты қандай мағна беретінін дөп басып айту қиынға соғады. Дегенменде Рашид ад Дин мен Әбілғазының “Керей” сөзі “Қара” және “баран” деген түс атауларына орай олардың айтқандарымен келісуге болады. Себебі бұл сөздің түп тамыры “кер” атауынан шығып отыр. “Кер” қара мен сұры түстердің арасында қалыптасқан “кері” түсімен сәйкес келеді. Ондай атаулар қазақ халқында: кер бие, құлагер (құла кері),  кер айғыр т.б  Халық ертегісінде Кер құла атты Кендебай есімдері кездеседі. Яғни керей (Хылей) тарихта белгілі бір тұлға атауына сәйкес шыққан. Олардың түстерінің қара болғанын байқауға болады. Олардың шығуы жайында деректер сан қилы және әр түрлі болып келеді. Моңғол тарихшысы Г.Сухбаатардың айтуынша,элянь (хэрээд) атауы хұндар мен сәнбилердің аралс некесінен туылғандарға берілетін болған делінеді [9,214б] Қытай трихшысы Б.Сайшаал “ханзулардың керейттерді “хэнли” деп атауының түп төркінінде олардың қаңлылармен туыстық қандастғының сыры жоқ па? деген жорамал ұстанады [9,216б] Керейттің үйсін текті екені жайындағы болжам тарихта жаңалық емес. Бұл туралы кезінде Н.Аристов, Г.Потанин, Г.Грумм-Гржимайло, Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Марғұлан еңбектерінде  және Шыңжанда  “Қазақ шежіресінде” де айтылады. Керей шежіресін зерттеген Г.Н.Потанин керейлерді сары үйсіннен таратып, дилиндердің шығыс тармағымен туыстастырады [13,670 б] Ал Грумм-гржимайло: Керейлер “Жоңғар үйсіндерінің ұрпағы болуы әбден мүмкін” дейді [14,423 б] Аталған еңбегінде Абақ керейдің 12 атасының шығу тегі туралы А.Белослюдовтың (“Зап. Семипалат. Подъ отдела 3. – Сиб. отд. и русск. Еограф .. общ.,”,1915X, с.8)  белгілеп алған мынандай хикят келтіреді. Керей сөзінің шығу тегін Найманның інісі Абақтың 12 ұлынан таратады. Олардың алтауы қалмақтардың қолынан қаза тауып ұрпақ қалмаған соң, жесірлерді күйеуге шығарып,олардан туылған балаларды Керей болмай тұра, керей аталып кеткен көрінеді. [15,44 б] Керей ұрпақтары моңғол арасында қазірге дейін кездеседі [16,8 б]Потанин өзінің “Тангутское-Тибетское окраина Китая и Центральная Монглия.т1”атты еңбегінің 103 бетінде Ихи және Бага-Хереит (Үлкен және Кіші кереит) екі рудың аты аталады [15..45.б] М.Тынышбаев болса монғол тарихшысы Санан-Сесенаның еңбегіне сүйене отырып Шыңғысхан кезінде моңғолдар үш топқа бөлінген: 1) Еке-монгол (ұлы монголдар); 2)Cу-монголы немесе татарлар (маңғыт,ұңғыт,чурыт); 3)кереи боғаннын атап көрсетеді [17,48 б] Жалпы алғанда керейлерді  моңғолданған түркі тектес тайпалардың қатарына жатқызуға болады. Себебі олар антропологиялық бейнесі жағынан моңғол нәсілділерге жатса, тілдік құрылымы жағынан түркілерге жатқызуға болады.Бірақ моңғолдар мен түркілердің бір халықтар екенін айтушыларда бар.Дегенменде монғолдар мен түркілерде көшпелі тайплар, ал керейлер екеуінің арасынан шығуы әбден мүмкін деуге болады.“Керей” және “Керейт” тайпаларының шығуы жөніндеде пікірталастар жеткілікті. Солардың біразына тоқталсақ. «Керейлер керейттердің  тікелей ұрпағы емес ,себебі өзбек арасында да, қазақ арасында да  Кереит, Керей деген екі тайпа бар. Керей(Хиреид) атты тайпа Кундров татарлары және алтайлықтар  мен уранхайлықтар арасында кездеседі. Ал Буряттрдың арасында халха жерінен XVIIIғ басында Байкалдың  арғы жағына қоныс аударған Убур-Керей деген ру бар» дей келе: «Сөз соңында айтар болсақ», дейді-З.Қинаятұлы: қытайдың  «Цзинь-Ляо-Юань-Сань-Ши-Юй-Цзе» («Ляо,Цзян,Юань әулеті тарихында кездесетін  жат атаулар турлы анықтамлық сөздік») – те Керей мен Керейттерді бір тектес халық деп есептемейді. Император Еңке-Амгулаң (Цянь-Лунь) мекемесінің рұқсатымен ғылыми комитет бастырып шығарған бұл анықтама Керейлерді Цуй-линь, ал Керейттерді Кэ-Лэ(Хэрэ) деп бір бірін ажыратып атаған» дейді [15,15 б]Қорта келгенде “керей” “керейт” атауларының түбірі бір деген тұжырымға келуге болады.

Біріншіден, екі атаудыңда бесінші әріпіне дейін бірдей аталуы, ал “т” жұрнағы монғол – тунгустарда көптік жалғауы екені жоғарыда айтылды.

Екішіден, З.Қинаятұлының айтқан сөздігінде “керей” “керейт”  атаулары бөлек тайпалар ретінде кездесе беруі мүмкін. Себебі бұл сөздік жазылмай тұрып керейттер керейлерден бөлініп шығып “керейттер” деген көпшілік атау алған болатын.

Үшіншіден, керейлер және керейттер әр халықтың құрамында кездеседі. Бұлай болуының көбіне үлкен соғыстар әсер еткен. Әсіресе Шыңғыс ханның жорықтары және жүргізген саясаты.

Сөз соңында айтар болсақ Керейлер мен Керейттер қазірде өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының негізін құраған тайпалардың бірі ретінде айтылады және бірегейі болып саналады.Олардың бір тектес екенін бір-біріне ұқсайтындығын олардың тілі, діні, салт-дәстүрі, антропологиялы бейнесі т.б. анықтай түседі. Жалпы алғанда екеуіде көшпенділікпен айналысқан, ал көшпенділердің түбі бір түркі халқы. Жоғарыда айтып кеткеніміздей «Керей» немесе «Керейттер» хундардың кезінен бастап өз жалғасын тапқан. Керейлер қазақ хандығы тұсында да ауқымды ел болып қазақ хандығын құраған тайпалардың бірі болған. Сонымен бірге Жоңғар шапқыншылғы кезінде де алғашқылардың  бірі  болып  жоңғырларға қарсы ұрыс салған болатын. Себебі керейлер қоныстанған аумақ жоңғарлардың шекарасында болды. Тәуке ханның тұсында үш жүздің пірі, рухани жетекшісі Керейттерден болғандығы тарихтан белгілі. Ең бастысы қазақ ру-тайпаларының  түбі бір екенін есте ұстау, оны келешек ұрпаққа дәріптеу. Осы арқылы еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болып, босағасы қатайа түсері даусыз. «Еліміздің болашағы жастардың қолында» дегендей, олрдың бір жұдырықтай жұмылуыда тегіміздің бір екенін білуден туындайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Андреев Н.Г. Описание Средней  орды киргиз-кайсаков.-Алматы: Ғылым,1998.- 280ст
  2. Ошан.Ж. Керейхандығықытайдеректерінде(X-XIIIғ) т.ғ.калуүшіндайындалғандиссертацияның авторефераты-Алматы.2010ж
  3. Қайдар Ә.,Оразов. М. Түркітануғакіріспе. – Алматы: “Арыс” .2004-360б
  4. МэнНань. Керей ұлысымен таңғыт мемлекетінің қарым-қатынасытуралы // Қазақөркениеті. “Қайнар” университеті.2005ж.№1.32б
  5. Данияров.К. История отечества.-Алматы:Иль-Дан,2000-540 б
  6. ЖеменейИҚазақша-Парсышажәнепарсыша-қазақша  сөздік,-Алматы,1994.-368б
  7. КурысжановА.К.Исследование по лексике старокыпчакского письменного памятника XIIIв. “Тюркско-арабскогословар”-Алма-ата.1970.-234 б
  8. АқановМ. “Керей”,“Ашамайлы” және “Абақ” этнонимдерітуралы//Қазақтарихы.№3.2007.
  9. БайсаринаҚ.Керейлер:Этникалық тарихы.-Семей.-1998ж.-51б
  10. Қазақмемлекетініңтарихы(ежелгіжәнеортағасырлықкезең).Монографиялықзерттеулер.-Алматы: “Адамар” ЖШС,2007.-432б
  11. Әбілғазы.Түрік шежіресі. -Алматы:Ана тілі.2006 ж.-200 б
  12. Рашид ад-дин.Сборник летописей.т.1,кн.1.-М-Л.,1952.с14-128
  13. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы.Алматы:Жалын,1994.-400б
  14. ПотанинГ.Н.Северо-Западная Монголия.вып.2.1881.с.670
  15. Грумм-ГржимайлоГ.Н.Западная Монголия и Уранхайский край.Т.3.вып.2.-Л.,1930.с.423
  16. ҚинаятұлыЗ. Маңғолиядағықазақтар.Алматы.Дүн.жүз.қазақ.қауым., 2007. 2 – кітап. 256 б
  17. Разумов.СосновскийИ. Население,значение рода у инородцев и ламаизм в  Материалах комиссии для исследования землевладениея и землепользования в Забайкальской области .VI,с.8.
  18. Тынышпаев М. История казахского народа: Учебное пособие.-Алматы: «Санат»,1998,-224 б

kerey.kz

Tags

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: