|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

Sagat ZahanqiziОл кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.

      Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен , тарихи отаны  Қазақстанға қарай қопарыла бет алған Ұлы көшінің  тізгінін қолға алып, тауқыметін арқалау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені жауапкершілігі мол батылдық пен батырлық, шешімділік пен білімділікті талап етер  ұлы іс екені сөзсіз.

      Ендеше, 1991- жылдардың басынан бастау алған Моңғолия қазақтарының Атажұртқа оралған Ұлы көшін тұңғыш бастап, оның жүйелі бір арнаға түсуіне себепкер болған Сағат Заханқызының еңбегін батырлық деп бағалағаннан басқа жол жоқ. Сондағы қазақтар ортасына күндіз, түні жүгіріп, есіміз барда елімізді табайық, ұрпақ үшін бәрін жасайық, мұндай тарихи мүмкүндік үнемі табыла бермес деп-ұрпақ үшін жанын салды. Қалай көшудің жолын тапты, тұрған мемлекет басшыларына бәрін түсіндіре білгеннің ақасында қолдауларына ие болды. Іскерлік деп осыны айтар.Sagat Zahanqizi Dorbethan Maskeu

     Сағат, Моңғолияның Жоспарлау комитетінің / Госплан/ жолдауымен Мәскеу қаласының маңдай алды оқу орны ,Халық шаруашылық институтына түсіп ,1971  жылы экономист мамандығымен бітіріп шықты.

     Ол  Моңғолия экономикасын басқарып отырған баға мәселесімен айланысып, нәтижелі еңбек етіп, білім тәжірибесін жетілдіріп, ‘’Үздік қызметкер атағына’’ ие болды. Сағат Моңғолияның жоспарлы системадан нарықтық экономикаға көшу жөніндегі жобаның бас есебін басқарды.Мемлекет экономикасын жүйелеп отырған жоғары лауазым иелерімен етене бірге жұмыс жасап олардың сый құрметіне бөленді.

     Сағат,  Ұлы көшке жол ашу мақсатындағы ізденіс үстінде жүрген кезде туған аймағынан көптеген жағымды жаңалықтар ести бастайды. Үзбен Құрманбай деген азамат Алматыға «Қара шаңырағымнан еншімді аламын» деп барыпты . Қазақ елі жылы қабылдап, қойған тілегін толық орындап беріпті. Қазақ елі «есігін айқара ашты» деген Үзбеннің сұхбаты радио хабарында айтылыпты дегенді естіп оның өтірік шынына, жете алмай жүргенде біраздан соң Баян –Өлгий халқы Қазақстанның ұлттық арнасын көріп, шалқар радиосын тыңдайтын болғанын естігенде қуанып, өз ойының жүзеге астынына сене бастайды. Одан көп кешікпей Монғолия халқы Алматы арқылы әлем елдеріне телефон, телеграф арқылы әп-сәтте қатынасатын болыпты, тарифі де жеңіл екен дегенді естиді. Енді бірінде Алматытан-Баян-өлгийге тұра ұшақ ұшыпты, аптасына бір рет реис жасайды деседі. Моңғолия қазақтарынан 100 баланы жоғарғы оқу орнында тегін оқытатыны айтылады. Қазақстаның тұрақты баспалары Ресейдің Қосагач ауданы арқылы тегін жеткізіліп, Моңғолия қазақтарына кеңінен тарай бастайды. Үзбен Құрманбайұлының бұл жолғы сапары Сағат Зақан қызына зор сенімділік тудырады. 1990 жылы Монғолияның нарықтық  экономикаға көшу бағыт бағдарламасына ақыл кеңес алу, екі ел арасындағы сауда саттықтағы баға мәселесін келісу мақсатымен, Моңғолияның  үкіметтік делегациясының құрамында іс сапармен Мәскеуге  келген жолды пайдаланып,   Алматыға келіп, сол кездегі шет елдегі қазақтармен байланыс жасайтын Қазақстан қоғамының басшылырымен кездесіп,  Моңғолиядағы қазақ ағайындардың, атамекенге қоныс аударғысы келетін арман- тілегін жеткзіп, көш жолын ашу жайындағы  өз пікірін білдіріп, ағайынның бұл бағыттағы көз қарасын байымдап, арығарайғы   жүргізілетін істің бағыт бағдарын жобалап қайтады.

      Өзі   Үкімет делегациясының құрамында жүргеніне қарамай, Желтоқсан оқиғасынан кейін шетелдіктерді Алматыға арнайы визасыз жібермейтін қатаң тәртіп орнаған осы кезде,тәуекел етіп,   амалын тауып,жол кедергілерінен  батылдықпен өтіп, жетім балаларының нәпақасыннан жол қаражатына жұмсап, Алматыға келіп ұлы көштің  жолын қалай ашу керек екенін өз зердесіне түйіндеп қайтуы екінің бірі бара бермейтін ерлік,  батыл да, шешуші қадам еді.

      Алматыдағы ағайынның көз қарасын байымдағаннан кейін, келесі кезекте, ол тірлік қамымен монголдардың ішіне тарай орналасқан , өздерінің  дәстүр салты,тілі,ді нінен ажырап,тозып бара жатқан қазақтардың үміт  армандарын арқалап, Моңғолия үкіметінің басшыларына кіріп, жағдайды іскерлікпен түсіндіріп, солардан оңтайлы жауап алып шығуы  біріншіден, оның сұңғыла саясаткер, ұлт жанды қайтпас қайсар қажырлылығының белгісі  болса,екіншіден Сағаттың марқұм , жолдасы Дөрбетхан Тотила ұлының Монгол үкіметіне сіңірген жарқын еңбегінің шапағаты еді.

      Сағат Заханқызы Атамекенге  қоныс аударудың сол кездегі ең оңай жолы -Енбек келісім шартын жасау, деп көріп, оған екі елдің де оң көз қарастарын байқаған  соң тікелей іске кіріседі. Бастабында «еңбек күші» деген атпен келуді ойлап табуының өзі көрегендік болған.

      Атажұрттағы ағайындардың көмегімен 1990 жылы 27  ші  желтоқсан күні Талдықорған  обылысы  Кербұлақ ауданының әкімшілік басшыларымен келісімге отырып, Моңғолиядан келесі жылдың наурыз айына дейін  ауданның ауыл шаруашылық мекемелеріне  200 дей жұмысшы әкеуге келіседі.

      Елі үшін жан аямай жүгіріп ,жігер беріп , қанаттандырып жүрген,  арқалы азаматтардың, құлшына  атсалысуының арқасында  Көштің алғашқы қарлығаштары  болып 96 адам  1991жылы 17 ші науырызда  Еңбек шарты бойынша Кербұлаққа келіп түсіп,  атажұрттағы ағайынмен қауышып, алғаш рет атамекен топырағына табандары тиіп, қуанышқа бөленді.  Арығарай  Сағат Заханқызының Монгол үкіметімен жасаған іскерлік іс әрекетінің арқасында басында салт басымен келген адамдар артында қалған отбасыларын дүние мүлкімен көшіріп алу мүмкіндігіне ие болады.  Осылай көш жолы кеңейе түсіп,Қазақ елі тәуелсіздігін алғанға дейін Моңғолиядан Еңбек келісім шартымен 11800 адам Атажұртқа қоныс аударды. Бұдан кейін1991 ші жылы  18 ші қарашада Қазақ үкіметінен көш мәселесін реттеуге бағытталған  711 ші қаулының шығуына мұрындық болады. Осылай  нақтылы шешімдер қабылданып,  Қазақ үкіметінің атсалысуымен Ұлы көш өз жалғасын тауып,үлкен арнаға түскен еді. Сағат Зақанқызының бастамасымен Монғолиядан басталған қазақтардың көші шет елдерде тұратын қазақтарды дүр сілкіндіреді.

      Осы 1991 ші жылы 31ші желтоқсан күні Қазақстанның бірінші президенті Н. Ә. Назарбаев ,халықты жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, ‘’Алыстағы ағайын көшіп келеміз десе құшағымыз ашық” , деп өзінің ізгі ниетін білдірді .

     1991 ші жылы шілде айында Қазақстан үкіметінің рұхсатымен Алматыда  көшіп келушілердің мәселесімен шұғылданатын , Моңғолияның Еңбек министрлігінің Қазақстандағы  тұрақты Өкілідігі ашылып, Сағат Заханқызы оның Төрайымы ретінде тағайындалды.  Бірақ  Өкілдікті қаржыландыратын  қаражат көзі шешілмей қалады.

      Өкілдік қаржысыз болса да, осы қиын заманда қалайда жұмыс жүргізіп, алыстан келген ағайынның келген жеріне алаңсыз орналасып, сіңісіп, жергілікті халықпен қатарласа еңбек етіп Тәуелсіз Қазақ елінің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосады.  Тірлік етіп кетуіне талмай еңбек етіп, тиісті мемлекеттік мекемелермен тіке қатынасып оңтайлы шешімдер қабылдануына түрткі болып отырды.

       Сағат,көш мәселесі бойынша телевиз радиодан жиі көрініп көшіп келген ағайынның жай күйі жайлы көптеген сұхбаттар беріп, газет жұрналдарға шығып, Қазақстан Республикасы парламентіне дейін ашық  хат жолдап халық қалаулыларының назарын көш жайына аударды.

      Тарихи құжаттар мен дәлелденетін өзінің  халқы үшін атқарған адал еңбегі жайлы  Сағат , ”Ұрпақтар тоғысы’’ ,‘’Ұлы көш, аңыз бен ақиқат’’ деген деректі кітаптар жазып шығарып оқырманға ұсынды.

     Сағат өзінің жеке басының еселенген қайғы қасіретін арқалап жүріп,  осындай Ұлы істі атқаруы,  қазақ қызының атадан жалғасып келген,болашақ ұрпақ  тағдыры үшінгі қажымас қайратты күрескерлігі, батырлық, батылдығын, қаһармандығын көрсетеді.  Ол басқаға үлгі  болумен бірге, елінің мақтанышы болуға ылайықты.

    Сағат Заханқызы ұрпақ тағдырын ел тағдырына ұластырып, орайы келгенде оңтайлы қадам жасап Ұлы көштің тізгінін қолға алып ұлағатты үлкен іске араласып, басқа түскен қайғы бұлтын сейілтетін дұрыс қадам жасады. Жеке басының арман аңсарынан,  мақсат мұратынан, елдік мұрат ,елдік мүддені биік қойып, өмір бойы жинақтаған білім тәжірибесін , ел игілігіне жұмсай білді.

    Әсіресе оның монголша ,орысша, қазақша, үш тілді тең дәрежеде жетік меңгергені, саяси экономикалық терең білімі, өз ой пікірін екі елдің жоғарғы лауазым иелеріне, үкімет басшыларына, толық та қисынды жеткізіп, мемлекет аралық келіссөздердің жобасын жасау, ел аралық кездесулердің хаттамаларын дайындау ,шаруашылық мекемелермен келісім шарт жасауды еш қиындықсыз атқарады.

      Сағат Заханқызы, Қарапайым адамдардан бастап, шаруашылық, аудан, облыс, салалық министрлер, үкімет басшылары, қоғам қайраткерлері мен болған ой салмақтаған кездесулерде, өзінің санасында қайнап піскен ізгі армандарын қысқа да нұсқа ұтымды жеткізе білуінің арқасында, көшке қатысты ұтымды,  қолайлы сәттерді мүлт жібермей, өзекті мәселелердің оңтайлы шешімі  табылып, Ұлы көштің ойдағыдай  дұрыс жолға бағытталып,  нәтижелі жүруіне мүмкіндік туғызды.

      Сағаттың саясаткерлігі,  білімділігі, парасаттылығымен,  көшті  бастауының арқасында, біржарым  ғасырға жуық  бір  тудың астында бірге жасасып, біге тірлік етіп келген монгол халқының ренішін туғызбай, бір біріне деген силастық  түсіністік жағдайда көш жүрді.

        Өзінің ұлттық дәстүр салтын аңсап, болашақ ұрпақтың ұлттық рухта өсіп өркендеуін қалап, бұрынғы ата баба мекеніне бет алған ағайынға монгол халқы түсіністікпен қарағанына қазақтар дән риза болып, алғыстарын жаудырып, Монгол елінің өркен жайып өсуіне тілектіктерін білдірді.

        Қорта келген де ұлты үшін,болашақ ұрпақ тағдыры үшін аянбай  қажырлы еңбек еткен қазақтың қаһарман қызы Сағат  Заханқызы бүгін елге өнеге, халықтың мақтанышы атанды.

                                 Аятхан Тұрысбекұлы

                                 Алматы қаласы. 2024 жыл

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: