Мұхтар МАҒАУИН. Мағжанның әні “Бурабай”
Ғұмыр бойы жазудан басқа тіршілігің болмаса да, жас ұлғайған кезде ендігі шектеулі уақытыңды мейлінше ұтымды пайдаланғың келеді, өзің мәндірек санаған тақырыптарды төңіректеп, көлденеңге алаңдамауға тырысасың. Әйткенмен, кейбір ретте бұл қағида бұзылады екен. Әлдебір дерек, әлденедей түйінді мәселе өзіммен бірге кетпесін дейсің. Айту, арылу – парыз сияқты. Оның үстіне, күмәнсіз ақиқат жағдай болса… Кейінде бұрмаланып, басқа бір арнаға түсіп кеткен сондай бір анық – Мағжан есімімен байланысты сырлы ән еді. “Бурабай” аталатын. Әлде “Абылай” немесе “Кенесары”. Сірә, әуелгісі. Бұл ғажайып әнді алғаш рет он бір жасымда естіппін. Мен ауылдық мектепте 4-класты бітіргенде үй-ішіндік шағын той болды. 1951 жыл. Сол арақ-шарапсыз, ән-жыр, әңгіме-кеңесті отырыста Ілияс Дәкебаев деген ақсақал домбыраға қосып, толқытып айтқан