Астраханьдағы «экстремистің» келбеті
Роман АХМЕДОВ Астрахань қаласы. 28 тамыз 2013 жыл. Ресейдің Астрахань облысында экстремистердің полицияға жасаған шабуылына Қазақстанда туған үш адамның қатысы туралы болжам расталмады. Бірақ Қазақстанға да еніп кетіп жатқан радикалды идеялар бұл аймақта тез таралады. Сәуірдің 3-і күні Санкт-Петербург метросында болған терактіден кейін Ресейдің оңтүстігінде полицияның екі қызметкерін атып, өлтіріп кетті. Әлгі шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мойнына алды. Жол-көлік қызметі экипажына жасалған қастандықтан кейінгі алғашқы сағаттарда сегіз адамға халықаралық іздеу жарияланды. Іздеу ақпараттарында бет-әлпеттері негізінен азиялыққа келетін адамдардың фотосы жарияланып, олардың үшеуі Қазақстан тумасы деп хабарланған. Ресейлік кей БАҚ-тар Астраханьдағы шабуылды былтыр жазда Батыс Қазақстанда экстремистердің қауіпсіздік қызметтеріне жасаған жұртты шулатқан шабуылымен байланыстырған еді. Өзгелері қастандыққа жергілікті қазақ диаспорасы