|  | 

Саясат

Астраханьдағы «экстремистің» келбеті


Астрахань қаласы. 28 тамыз 2013 жыл.

Астрахань қаласы. 28 тамыз 2013 жыл.

Ресейдің Астрахань облысында экстремистердің полицияға жасаған шабуылына Қазақстанда туған үш адамның қатысы туралы болжам расталмады. Бірақ Қазақстанға да еніп кетіп жатқан радикалды идеялар бұл аймақта тез таралады.

Сәуірдің 3-і күні Санкт-Петербург метросында болған терактіден кейін Ресейдің оңтүстігінде полицияның екі қызметкерін атып, өлтіріп кетті. Әлгі шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мойнына алды. Жол-көлік қызметі экипажына жасалған қастандықтан кейінгі алғашқы сағаттарда сегіз адамға халықаралық іздеу жарияланды. Іздеу ақпараттарында бет-әлпеттері негізінен азиялыққа келетін адамдардың фотосы жарияланып, олардың үшеуі Қазақстан тумасы деп хабарланған.

Ресейлік кей БАҚ-тар Астраханьдағы шабуылды былтыр жазда Батыс Қазақстанда экстремистердің қауіпсіздік қызметтеріне жасаған жұртты шулатқан шабуылымен байланыстырған еді. Өзгелері қастандыққа жергілікті қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген. Мысалы, сәуірдің 4-і күні «Мир-24» телерадиокомпаниясы «Жаңалықтар» хабарында іздеу ақпараттарын көрсеткеннен кейін жүргізуші «Астрахань аймағында тұратын халықтың көп бөлігі – орыстар, саны жағынан екінші орында – қазақтар, олар – халықтың жалпы санының шамамен 17 пайызы» деп мәлімдеген болатын.

Іле-шала Қазақстанда туған үш адамның шабуылға қатысы расталмады. Мысалы, тізімге енгізілген Атырау облысы тумасы Әлібек Ғизатов шабуыл жасалған сәуірдің 4-і күні Атырау облысында болған, ол облыстағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Ол іздеу ақпараттарынан фотосын көріп, жергілікті полиция учаскесіне өзі барған.

Солтүстік Кавказдың «Кавполит» порталы РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Астрахань облысының тергеу комитетіндегі әлдебір дереккөз «сегіз күдіктінің фотосы (көбінің сырт келбеті азиялыққа келеді) – жалған, сондықтан оны баспасөз қателесіп таратып жатыр» деп айтқан. Астрахань облысы тергеу комитеті басшысының аға көмекшісі Андрей Хегай Азаттыққа берген комментариінде ықтимал күдіктілердің бәрін база арқылы тексеру – тергеу органдарының жұмыс ерекшелігі дейді.

- Кей тұлғалардың қылмысқа қатысы расталды, қалғандарына қатысты тексеру жүріп жатыр, – дейді Андрей Хегай.

ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕ

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты құжаттар толтыру кезінде мерт болған. Аймақтың тергеу комитеті дерегінше, мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерін алдап қақпанға түсіру үшін әлгі апатты әдейі ұйымдастырған. Полицейлерді өлтірген жердегі қызмет көлігі салонынан Астрахань облысының тумасы Нұрбол Саспановтың атына жазылған құжаттар табылған. Құқық қорғау органы қызметкерлеріне жасалған шабуылды Астраханьда тұратын қазақ диаспорасымен байланыстыруға осы айғақ себеп болуы мүмкін. Әуелі тараған бағыттамаға Нұрбол Сапсанов жасаған әрі оның жазасын өтеген қарақшылық шабуылға әлдебір қатысы бар азаматтар енген болатын. Кей сарапшылар қылмыс орнынан құжаттың табылу фактісін терроршы-жанкештілердің «қолтаңба» қалдыру практикасы деп түсіндіреді.

Полиция бөлімін күзетіп тұрған полицейлер. Мәскеу облысы, 17 тамыз 2016 жыл.

Полиция бөлімін күзетіп тұрған полицейлер. Мәскеу облысы, 17 тамыз 2016 жыл.

 

Күдіктілердің жасырыну ниеті болмаған – сәуірдің 6-сы күні олар Росгвардия посттарының біріне шабуыл жасады. Атыс кезінде үш әскери қызметші жараланды. Шабуылдағандардың бірінің көзі жойылды. Ал қала шетіндегі өнеркәсіп аймағына қашып тығылған қалған қылмыскерлер қоршауға алынып, олардың да көзі жойылды. Шабуыл жасағандар өрімдей жігіттер болып шықты. Ішіндегі ең үлкені Нұрбол Сапсановтың жасы 26-да, ертеректе ол қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Рамзан Кукулаев – 20 жаста, ол да Астрахань облысының тумасы. Шешенстан тумасы Рамзан Султанмурадов әлі 18 жасқа толмаған екен. Дағыстанда туған Ильяс Магомедов 22 жаста болған.

«Ресей-24» телеарнасының Астрахань филиалында жұмыс істеген Людмила Шналиеваның Азаттыққа айтуынша, террорлық актіге қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысы туралы болжам ол үшін мүлде күтпеген жаңалық болған. Оның сөзінше, Астрахань облысында тұратын қазақ жастарының радикалдануына ешқандай негіз жоқ.

- Қазақтар – өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті өмір сүрген бейбіт халық – дейді ол.

Людмила Шналиеваның сөзінше, ол «Россия-24» телеарнасында жұмыс істеген кезде қазақ халқы арасында діни экстремизм немесе өшпенділік фактілерін кездестірмеген. Ол әлгі оқиға Астрахань қазақтарына деген жеккөрініш туғызуы мүмкін деп қауіптенеді.

Азаттыққа Астраханьдағы «Жолдастық» қазақ мәдени орталығы басшыларының бірі Ғұспан Маханбет-Әлиев те «полицейлерге жасалған шабуылға бір қазақ жігітінің қатысы болуы жергілікті қазақ жастары арасында экстремистік көңіл-күй көп тараған деген сөз емес» дейді.

- Біз көшпенді халықпыз. Бізде дінге қатысты фанатизм жоқ. Мына оқиға –төтенше жағдай, – дейді ол.

Жергілікті тарихшы әрі исламтанушы Андрей Сызранов оның пікірімен келіспейді. Оның Азаттыққа айтуынша, қазақтар көшпенді өмір салтынан кеткелі көп болған, ал диаспора жастары өз құралпыластары сияқты интернетте көп отырады, сондықтан радикалды ағымдардың ықпалына түсіп қалуы мүмкін. Бұған қоса, Сызранов қазақ жігіттерінің «кавказдық мешіттерге» барып жүргенін көргенін айтады. Жас жігіттер интернетте пікір таластырғанда төзімсіздік танытады әрі исламды жалғыз дін, қабылдау міндеттелген дін деп атайды.

Андрей Сызрановтың айтуынша, «шетелдегі радикал-экстремистік қозғалыстар мен ұйымдар жұрттың білімсіздігін, заңды тіркелген мұсылман ұйымдарының проблемаларын, аймақтық және муниципалды билік органдарының исламға жеткілікті назар аудармауын епті пайдаланып, мұсылмандардың арасында іріткі салуға тырысады».

Астрахань облысы мұсылмандар діни басқармасы Азаттыққа комментарий беруден бас тартты.

ИМ ЖАҺАНДАНЫП БАРАДЫ

Астрахань облысының қазіргі әлеуметтік жағдайы қиын. Совет Одағы күйрегеннен кейін Солтүстік Кавказдың экономикасы мешеу аудандарынан Нижняя Волга аймағына ішкі мигранттар ағыла бастады. Шешенстандағы екі соғыстан кейін босқындар көбейген.

Қазіргі Ауғанстанды зерттеу орталығының жетекші сарапшысы, Нижнее Поволжье сарапшылары клубының үйлестірушісі Андрей Серенко Азаттыққа «ұлтаралық қайшылықтар «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы үшін проблема саналмайды» дейді. Оның сөзінше, «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық ұйымы идеологиясы керісінше өз қатарына түрлі ұлт өкілдерін тартуды көздейді.

- «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы идеологтары қазіргі жағдайға бейімделіп келеді: ертеректе террорлық ұйымдардың тірегі ұлт-азаттық күрес болатын, қазір ИМ-нің трансұлттық сипаты айқын байқалады. Ұйымға адам үгіттейтіндер қазіргі заманның интернет сияқты техникалық құралдары мен адамға психологиялық әсер етудің соңғы тәсілдерін көп қолданады, – дейді Андрей Серенко.

Кезінде терроршылар басып алған Беслан қаласының мектебі жанынан өтіп бара жатқан адам. 13 сәуір 2017 жыл.

Кезінде терроршылар басып алған Беслан қаласының мектебі жанынан өтіп бара жатқан адам. 13 сәуір 2017 жыл.

 

Оның сөзінше, тұзаққа түсіргісі келетін ықтимал құрбанын таңдаған кезде олар адамдардың әлсіздігін епті пайдаланады. Оның айтуынша, егер әлгі адам қиын жағдайда жүрсе, оның сеніміне кіріп, жанашырлық танытады, кейде тіпті қаржылай көмек көрсетеді.

Үгітке ерген немесе оған көнуге бейіл адамның портретін Андрей Серенко «бұл – әдетте 25-тен аспаған жас жігіт, ал 30-дар шамасындағы адамдар сирек кездеседі» деп сипаттайды.

Сарапшының Азаттыққа айтуынша, аймақ экономикасындағы қиын жағдай «Ислам мемлекеті» ұйымы қатарына қосылуға итермелейді.

- Жастар жөні түзу жұмыс таба алмайды, өздерін тұлғалық тұрғыдан таныта алмайды. Олар елді коррупция жайлағанын, соттар әділетсіз шешім шығаратынын және бұл өмірде бүкіл орын «сатылып қойғанын», оларға келешекте орын жоқ екенін көріп отыр. Ұйым үгітшілері дәл осыған сүйенеді, олар ИМ ұйымы жаңа, жұрттың бәрі тең құқылы, әділетті қоғам құрып жатыр деп үгіттейді, сондықтан осы пасторальды картина (қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заман деп сипаттау) кейде ИМ-нің зұлымдықтарын көлегейлеп кетеді. Ересек адамның күнделікті тұрмыстағы қиындықтар мен әлеуметтік проблемаларға деген әлдебір иммунитеті болады, ал жас жігіт албырттықпен шектен шыққан әрекеттерге бейім келеді, – дейді ол.

Астрахань мэрі сайлауынан кейін болған қарсылық акциясы. 14 сәуір 2012 жыл.

Астрахань мэрі сайлауынан кейін болған қарсылық акциясы. 14 сәуір 2012 жыл.

 

Андрей Серенконың айтуынша, ИМ террорлық ұйымының жақтастары 2016 жылдан бері Ресей түрмелеріндегі жұмысын күшейткен. Оның дерегінше, камераластарын ваххабизм принциптерін ұстану қажет деген ойға иландыруға тырысып, үгіттейтін тұтқындар әр колонияда бар.

Шабуылдағандардың басшысы әрі олардың ішіндегі жалғыз сотталған адам болған Нұрбол Сапсанов түрмеде жазасын өтеген кезде радикал ұйымның ықпалына түскен сияқты. Астрахань облысы тергеу комитеті Азаттық сауалына бұл ақпараттың қазір тексеріліп жатқанын хабарлады.

Астрахань облысы солтүстігінде – Волгоград облысымен, батысында Калмыкиямен, шығысында Қазақстанмен шектеседі, ал оңтүстік бөлігі Каспий теңізіне ұласады. Ертеректе Астрахань облысы территориясында Астрахань хандығы мен Ноғай ордасы болған. 1801 жылы Бірінші Павел императордың жарлығымен Ресейдегі алғашқы автономияның прототипі – Бөкей немесе Ішкі қазақ ордасы құрылған. Алғашқы қазақ медреселері мен мектептері , қаржы институттары мен ауруханаларының Бөкей ордасында құрылғаны белгілі.                                                                                                                                                                                                                                     Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: