Голландиялық футболшы қазақ кері қайтты
Шымкенттік «Қыран» клубының үздік футболшысы атанған Мұрат Өнал «Қазақстан азаматтығын ала алмай, ұлттық құрамаға шақырылмаған соң Голландияға қайтқанын» айтады. Голландиялық қазақ Мұрат Өнал. Нұртай ЛАХАНҰЛЫ 28 жастағы голландиялық қазақ Мұрат Өнал 2014-2015 жылдары Қазақстанның футболдан бірінші лигасында шымкенттік «Қыран» командасында ойнап, үздік нәтижемен көзге түскен. Ол алғашқы футбол маусымындағы 26 матчында 14 гол соқса, екінші маусымда 20 матч өткізіп және 14 гол авторы атанған. Жергілікті спорт басылымдарында Мұрат туралы «Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамаға шақырылуы мүмкін» деген хабар тарай бастаған. Бірақ футболшы үшінші маусымға қалмай Голландияға кетіп қалды. Қаңтардың 12-сі күні Азаттыққа комментарий берген Мұрат: – Қазақстанда екі жыл жүрдім. Бірақ азаматтық алу мүмкін болмады. Ал легионер ретінде ойнағым келмеді.
