ДАРХАН МЫРЗА ОРНЫНДА ОТЫР!
28-қаңтарда яғни бүгін Думан Рамазан ініміздің «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі туралы жазғандарын оқыдым. «Өттерің жарылып кетсе де айтайын, ол Дархан Қыдырәлінің қолынан келмейді. Тағы да қайталап айтамын, ол үшін журналистиканың майын жіліктеп ішкен кәсіби маман болуы керек» деген пікірлеріне байланысты үнсіз қала алмай өз ойымды ортаға салғанды жөн көрдім. Жарты ғасырға жуық кәсіби журналистикамен, оның ішінде ширек ғасыр БАҚ басшылығында келе жатқан аға буын өкілі ретінде пікір білдіруге құқым бар деп ойлаймын. Бірден айтайын, шығармашылығын аса құметтейтін жақсы көретін Думан інімнің жаңағы пікірі ұнаған жоқ. Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстанға» газеттің Бас редакторы етіп жіберілген жоқ. Ол газет менеджментін жақсарту үшін «Егемен» акционерлік қоғамына басқарма төрағасы етіп жіберілді. Басылымның