Жәке бидің айтқандары
Жәке Қойтанұлы 1830 жылы қазіргі Зайсаң өңірінде өмірге келіп, 1914 жылы ҚХР дың алтай өңірінде дүниеден өткен. Абақ керейдің Меркіт руынан шыққын әділ би, тапқыр шешен. 1883 жылы 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, Найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, “керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Біз бүгін Жәке бидің ел арасына кеңінен тараған тапқыр сөздері мен әділ билік айтқан аңыздарын ел назарына ұсынып отырмыз. Тарбағатайдың жамбылын салғанда Тарбағатай губернаторы хат жазып, керейден көмек сұрапты. Керей билері Мәми мен Қара Оспан ақылдасып, Тарбағатайдан бөлініп шығуды ойлап, Қара Оспан: «керейден жәрдем бергізбеймін» деп, Мәми «жәрдемдесейік» деп, сонымен керей екіге бөлініп, «әлі бірлікке