Жанқожа атамыз қандай адам болған?
Жанқожаны көп жылдар бойы көріп-біліп жүрген Құттық руынан шыққан Мұсабай жыраудың түрлі мұрағаттарда сақталған әңгімелері мен өлеңдерінде: «Жанқожаның түр-тұлғасы, мінез-құлқы бөлекше болған. Жас кезінен бастап-ақ мінезі ауыр, орынсыз сөйлемеген, балалармен де қосылып ойнамаған. Біреулер жанжал шығаруға қайымдасса, ол көзінің аласымен бір қарап, өз жөніне жүре береді екен. Жылдан-жылға бой-тұлғасы ерекшеленіп, айрықша көзге түсе бастаған» деген деректер бар (ҚР ҒА Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында). Ресейдің отарлық езгісіне қарсы 1856-57 жылдардағы көтерілісі кезінде батырдың мыңбасы болған Сырлыбай Шабақұлының шөбересі Орақ Жанұзақұлының 1930 жылы қойған: «Жанқожа атамыз қандай адам болған?» деген сұрағына жоғарыдағы айтылған Бижан Жалмырзаұлы: «Жанқожа өте сұсты, көздері жалын атып тұратын, қабағы қалың, назарын сәл төмен салса қою һәм