Тарих: бір адам, бір тағдыр, бір халық
Тарих дегенде бірінші еліміздің, жеріміздің тарихы ойға оралары сөзсіз. Осы біздің жерлер осы күнге қалай жетті? Қалай сақталды? Ата-бабамыз жерді сақтап қалу үшін қаншама қиындықтар мен күрестерді бастан өткерді! Тарихтың қойнауына сүңгісек, тарихи оқиғанынң мыңдағанын табарымыз сөзсіз. Мен бүгін арыға бармай-ақ, Кеңес одағы кезінде Оңтүстік жерін Өзбекстанға, солтүстік жерін Ресейге қосуға қарсы шығып, күрескен Жұмабек Ташенев туралы, оның тарихта жүріп өткен жолдары туралы жазғым келді. Өйткені, биыл Жұмабек Ташеневтің туғанына 100 жыл толды. Осы айтулы датаға байланысты жыл басынан бері талай іс-шаралар өткізілуде. Алайда ұмабек Ташеновтың кім болғанын, қандай саясаткер болғанын біздер, жастар жағы аз болмаса, көп біле бермейміз. Жұмабек Ахметұлы Тәшенeв Дүниеге келгені: 1915 ж. наурыздың 20 (100 жас) Ақмола облысы Аршалы ауданыТанагүл ауылы Қайтыс болғаны: 1986 ж. қарашаның