Ә.Қара: «Зуқа батыр» романын түрікшеге аударып, мерейтойға шашу ретінде ұсынбақшымын
Биыл Қытайға қарасты Алтай аймағында өмір сүрген әйгілі батыр, ел қормалы, ұлт-азатық күрес басшыларының бірі, қазақ тарихындағы даңсалы тұлға Зуқа қажы Сәбитұлының туғанына 150 жыл толды. Ұлт күрескері деуге әбден лайық батыр 1929 жылы қытай билеушілері тарапынан қастандыққа ұшырап, басы алынған еді. 1866 жылы Қазақстанның қазіргі Зайсан ауданы, Кендірлік ауылында туған батырдың биылғы 150 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілмек. Осыған байланысты, Түркияда тұратын қандастарымыз да атаулы шараға әзірлік жұмыстарын бастап кетті. Біз, Анадолы жеріндегі ағайынның қандай іс-шаралар жоспарлап жатқанын білу мақсатымен, Ыстамбұлда тұратын белгілі ғалым Әбдуақап Қара ағамызбен ғаламтор арқылы әңгіме өрбіттік. – Әбдуақап аға, Стамбұлда Зуқа батырдың 150 жылдығына байланысты ақылдасу жиынын өткізіпсіздер, оған кімдер қатысты және