|  | 

Сұхбаттар

Ә.Қара: «Зуқа батыр» романын түрікшеге аударып, мерейтойға шашу ретінде ұсынбақшымын

Zuqa Qazhi

 Биыл Қытайға қарасты Алтай аймағында өмір сүрген әйгілі батыр, ел қормалы, ұлт-азатық күрес басшыларының бірі, қазақ тарихындағы даңсалы тұлға Зуқа қажы Сәбитұлының туғанына 150 жыл толды. Ұлт күрескері деуге әбден лайық батыр 1929 жылы қытай билеушілері тарапынан қастандыққа ұшырап, басы алынған еді.  

1866 жылы Қазақстанның қазіргі Зайсан ауданы, Кендірлік ауылында туған батырдың биылғы 150 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілмек. Осыған байланысты, Түркияда тұратын қандастарымыз да атаулы шараға әзірлік жұмыстарын бастап кетті. Біз, Анадолы жеріндегі ағайынның қандай іс-шаралар жоспарлап жатқанын білу мақсатымен, Ыстамбұлда тұратын белгілі ғалым Әбдуақап Қара ағамызбен ғаламтор арқылы әңгіме өрбіттік.


– Әбдуақап аға, Стамбұлда Зуқа батырдың 150 жылдығына байланысты ақылдасу жиынын өткізіпсіздер, оған кімдер қатысты және не айтылды?
– Өзіңіз білетіндей, жиын батырдың мерейтойын қалай өткізу мәселесіне арналды. Оған Түркия қазақтарының қоғам бастықтары, ақсақалдар, Зуқа батырдың ұрпақтары және өзге көпшілік қауым қатысты. Сонымен бірге, басқосуға қазақтар тұратын Бағшылар ауданы әкімнің орынбасары, Кенан Гүлтүрік мырза да келді.


– Жалпы, Зуқа батырдың 150 жылдығына байланысты қандай шаралар өткізу жоспарланып отыр? Қайда, қашан өтеді?
– Ең бастысы, бұл шараларда Зуқа батырды бүкіл Түркі дүниесіне, тіпті әлемге танытсақ деген мақсат алға қойылып отыр. Зуқа батыр кезінде бай-манаптардың дүниесін алып жетім-жесірге, жоқ-жітіктерге таратқан, халқына пана болған тұлға. Мұндай батыр ағылшындарда да бар. Олар оны Робин Гуд атымен әлемге әйгіледі. Ал, Орталық Азияның Робин Гудын әлем түгіл, түркі дүниесі, тіпті Қазақстанның өзінде білмеген көп адам бар. Зуқа батыр туралы бүгінге дейін үш роман жарық көрген. Қажықұмар Шабданұлының «Пана», Батырқан Құсбегінің «Зуқа Батыр» және Баяхмет Жұмабайұлының «Сағыныш» атты романдарының бір-екеуін түрік тіліне аударып, түріктерге танымал ету, кейін ағылшын және неміс тілдеріне аударып әлемге әйгілі ету жоспарда бар.
Сонсоң, Ыстамбұлда халықаралық көлемде ғылыми-практикалық конференция өтеді. Астанада осындай бір конференция өткізуді сондағы ғалымдармен жоспарлап отырмыз. Зуқа батыр 1866 жылы Зайсанда Қалба тауының етегінде туған. Сол себепті, Зайсанға батырдың бір ескерткішін қойсақ деген арман бар. Осы орайда Түркиядан бір топ өкіл Астанаға барып, Қазақстан Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына өтініш жасап, қолдау да сұрамақ. Одан кейін Түркия және Еуропа елдерінде өтетін кіші құрылтайларда Зуқа батырды жастарға таныту барысында түрлі іс-шаралар да қарастырылып отыр. Сонсоң, батыр туралы жарты сағаттық деректі фильм түсіруге мықты режиссер, қаржы және басқа мүмкіншіліктер іздестірілуде.


– Конференция өтеді деп қалдыңыз? Оған кімдер қатысады? Батырдың Қытайда, Қазақстанда және өзге елдерде тұратын ұрпақтары келе ме?
– Әрине келеді. Батырдың 90 жастағы кенже ұлы Сауат қажы әлі тірі, Ыстамбұлда. Бірақ, ол кісі қартайғандықтан және денсаулығына байланысты үйден шыға алмайды. Бірақ, батырдың Түркия, Қазақстан, АҚШ және Еуропа елдерінде көптеген ұрпақтары бар. Соның бірі бүкіл Қазақстанға Қаражорға биін танытқан өнерпаз – Арыстан Тосын ағамыз. Олар барлық іс-шараларға қатыспақ. Сондай-ақ, қазақ тарихын зерттеп жүрген немесе роман, өлең, дастан ретінде жазып жүрген қазақ зиялылары, шетелдік ғалымдар да қатысады.


– Батырдың мерейтойын өткізу Түркиядағы қазақтар және жастар үшін маңызы қандай дер едіңіз?
– Бұл біз және жастар үшін өте танымды, өнегелі іс болмақ. Әсіресе, жас ұрпақ ұлы істер атқара білуі үшін өздерінің ұлы аталарын тануы тиіс. Мынадай мысал келтірейін. Бірде Абылай хан түс көріпті. Түсінде жалынқұйрық атымен келе жатса, алдынан бір арыстан кезігеді. Оны қуып жетіп, қылышымен қарнын жарып жіберген екен, ішінен қасқыр шығып тұра қашыпты. Оны қуып барып қарнын жарса, түлкі шығады. Оны да ұстап алып, қарнын жарса, ішінен бақа-шаян, құрт-құмырсқа төгіліпті де, олар жан-жаққа тарап кетіпті. Содан Абылай түсін Бұқар жырауға жорытады. «Бұл не?» депті ойға шомып отырып. Сонда Бұқар «түсіңіздегі арыстан өзіңізсіз, қасқыр сіздін балаңыз, түлкі немереңіз, бақа-шаян, құрт-құмырсқа шөберелеріңіз. Яғни, заман өткен сайын ұрпақтарыныз ұсақталып кетеді» деп жориды.
Міне, осы түс Түркия қазақтарына да келеді. Арыстан біздін Зуқа, Оспан, Нұрғожай, Елісхан, Қалибек, Құсайын тәйжі, Сұлтаншәріп тәйжі, Зәйіп тәйжі, Дәлелқан Жаналтай сынды батыр аталарымыз. Қасқыр көште туған, бүгінде 80-ге келіп отырған біздін әкелеріміз. Ал, біз Түркиядағы бірінші ұрпақ түлкіміз. Енді бізден туған, ана тілін, тарихын білмеген ұрпағымыз құрт-құмырсқа секілді болып отыр. Осы ұрпақтары аталары сияқты арыстан, қасқыр болсын десек, Зуқа батыр сияқты тарихи тұлғаларымыздың өмірін, жасаған ісін жақсылап насихатап, танытуымыз қажет. Бұл ұрпақ үшін өз пайдасын тигізеді деп сенемін.


– Түркия билігі бұл бастамаға қалай қарауда?
– Олар жақсы қолдау танытып отыр. Басқосуға келген Бағшылар ауданы әкімінің орынбасары Кенан Гүлтүрік бұл іске жақыннан демеу көрсететін білдірді. Және жақсы пікір айтты. Оның «250 жылдық қана тарихы бар АҚШ сияқты елдер жасанды батырларын кино және мултфильмдер арқылы әлемге насихаттап жатыр. Ал біз 3-4 мын жылдық тарихы бар түркі халықтары шын батырларымызды елеусіз, ескерусіз қалтырып келе жатырмыз. Сондықтан, балаларымыз өзінің шынайы батырларына емес, жат елдердін жасанды батырларына еліктеп, ұлттық рухтан алыстап бара жатыр» деген сөзі-ақ, көп нәрсені аңғартса керек.


– Осы мерейтойға жеке өзіңіз қандай үлес қосамын дер едіңіз?
– Енді, мен өзім тарихшымын және адамтану (биография) саласында зерттеу жасап жүрмін. Зуқа батырдың өмірі маған өте қызық. Мұндай ұлы тұлғаларымызды тек қазаққа, түркі дүниесіне қана емес, бүкіл әлемге танытуды өзіме борыш санаймын. Сондықтан, осы орайда ғылыми конференция ұйымдастыру, мақала, кітап шығару жұмыстары жоғары деңгейде болуы үшін қолымнан келгенді аямаймын. Өзім бір жағы аудармашымын. Маған Батырхан Құсбегінің «Зуқа батыр» романы қатты ұнайды. Мүмкін, соны түрік тіліне аударып, осы мерейтойға шашу қып сыйламақ ойым бар.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбатты жасаған, Мұрат Алмасбекұлы 

baq.kz

Related Articles

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ