Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоғанның ислам әлеміндегі татуласу жөніндегі бірлескен декларациясы
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президентi Режеп Тайип Ердоғанның ислам әлеміндегі татуласу жөніндегі бірлескен декларациясы Бұл Декларация екі ел көшбасшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданды. Мемлекеттер басшылары құжатта халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға және мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған қағидаттарды берік ұстанатынын растады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Ердоған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді мемлекетаралық қатынастарда және қақтығыстар мен дауларды реттеу мәселелерінде ізгі ниет пен ерік-жігер таныту және сындарлы қадам жасау арқылы ислам әлеміндегі қарым-қатынастың жаңа парадигмасын қалыптастыруға шақырды. *** ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАННЫҢ ИСЛАМ ӘЛЕМІНДЕГІ ТАТУЛАСУ ЖӨНІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының