|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Руханият

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоғанның ислам әлеміндегі татуласу жөніндегі бірлескен декларациясы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президентi Режеп Тайип Ердоғанның ислам әлеміндегі татуласу жөніндегі бірлескен декларациясыЕlbbasi mеn Ердoan

Бұл Декларация екі ел көшбасшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданды.

Мемлекеттер басшылары құжатта халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға және мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған қағидаттарды берік ұстанатынын растады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Ердоған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді мемлекетаралық қатынастарда және қақтығыстар мен дауларды реттеу мәселелерінде ізгі ниет пен ерік-жігер таныту және сындарлы қадам жасау арқылы ислам әлеміндегі қарым-қатынастың жаңа парадигмасын қалыптастыруға шақырды.

 

***

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

ПЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ПРЕЗИДЕНТI РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАННЫҢ

ИСЛАМ ӘЛЕМІНДЕГІ ТАТУЛАСУ ЖӨНІНДЕГІ

БІРЛЕСКЕН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған 2016 жылғы         14-15 сәуір аралығында Ыстанбұл қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 13-ші Ислам саммиті конференциясы қарсаңында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына 2016 жылғы 13 сәуірдегі жұмыс сапары аясындағы екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша,

2009 жылғы 22 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімді басшылыққа ала отырып,

барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік аспектілерді қамтитын      жан-жақты әріптестікті, сондай-ақ ортақ тарихи және мәдени байланыстардың негізінде қалыптасқан Қазақстан мен Түркия халықтары және азаматтық қоғамдары арасындағы тығыз қарым-қатынастарды ілгерілету мақсатын көздей отырып,

Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды және ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаратын жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен саяси консультацияларды ұдайы өткізуге және қолдауға бейілділік таныта отырып,

 

халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сонымен бірге мемлекеттер арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына бейілділігін растай отырып,

жаһандық қауіп-қатерлерге, экономикалық проблемаларға, конфессиялар мен өркениеттер арасындағы қарама-қайшылықтарға, лаңкестік пен ұйымдасқан қылмыс қатерлерінің теңдессіз дәрежеде өсуіне, сондай-ақ миграция, кедейшілік проблемаларына қарсы тұрудағы бірлескен іс-әрекеттердің қажеттілігін түсіне отырып,

халықаралық қатынастардың шапшаң трансформациясының эпицентрінде қалып отырған ислам әлемінің шиеленістерге толы мемлекетаралық қатынастардың нашарлауы, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық деңгейінің төмендеуі секілді проблемалар орын алған кезеңді басынан кешіріп жатқанын мойындай отырып,

ислам үмбетінің тұтастығына қауіп төндіретін және ислам бірлігіне зиян келтіретін бірқатар жетекші мұсылман елдері арасындағы текетірестердің күшейіп келе жатқанына алаңдаушылық білдіре отырып,

шешімін таппаған тарихи проблемалар, тұрақсыздық, лаңкестікке қарсы күрес мұсылман елдерінің даму мақсаттарына жұмсауға болатын орасан зор ресурстарын зая кетіріп жатқанын атай отырып,

әр мемлекеттің кез-келген басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласпау жөніндегі міндеттемесі халықтардың өзара бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатынына кәміл сене отырып,

барлық мемлекеттер үшін халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және әділеттілікке қауіп төндірмей, өздерінің шиеленістерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес бейбіт жолмен шешу ортақ маңыздылыққа ие екендігін ескере отырып,

әлем халықтарының бейбіт және гүлденген болашағы үшін өз жауапкершілігін сезіне отырып және мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды ілгерілету, олардың қауіпсіз және бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге ниетін басшылыққа ала отырып,

халықаралық қатынастардағы төзімділіктің маңыздылығын, өзара түсіністікке жетудің, бейбітшілікке төнетін қатерлерді жоюдың және ынтымақтастықты нығайтудың құралы ретіндегі диалогтың елеулі рөлін атай отырып,

ислам әлемінің түрлі өңірлерінде орын алып отырған саяси, экономикалық және гуманитарлық проблемалар аясында Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы 13-ші Ислам саммиті конференциясы өткізілуінің маңыздылығын атай отырып,

13-ші Ислам саммиті конференциясының «Әділеттілік пен бейбітшілік бірлік пен ынтымақтастық үшін» тақырыбын назарға ала отырып,

төмендегiдей уағдаластықтарға қол жеткізді:

1. Мемлекеттер шекараларының мызғымастығы, аумақтық тұтастық пен егемендікті құрметтеу, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекетаралық қатынастардағы даулар мен қақтығыстарды бейбіт келіссөздер арқылы шешу жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының басты қағидаттарын растаймыз.

2. Ислам бірлігі рухына беріктігімізді тағы да растаймыз және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттерді мемлекетаралық қатынастарда және өзара қақтығыстар мен дауларды шешу жолында ізгілік пен сындарлы ұстаным таныту арқылы ислам әлеміндегі қатынастардың жаңа парадигмасын қалыптастыруға шақырамыз.

3. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттерді ең алдымен ортақ құндылықтар мен мүдделерге басты назар аудара отырып, ислам әлеміндегі мемлекетаралық проблемаларға ревизия жасау үдерісін бастауға шақырамыз.

4. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттерді Ислам әлеміндегі татуласу үдерісін қолдауға және оны таяу жылдардағы ислам үмбетінің жаңа саяси тұғырнамасы ретінде қарастыруға шақырамыз.

5. Біріккен Ұлттар Ұйымының және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының халықаралық қақтығыстардың алдын алудағы және оларды бейбіт жолдармен шешудегі жетекші рөлін, сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ислам әлеміндегі татуласу үдерісін ілгерілетудегі басқа халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастығын қолдаймыз.

6. Ислам әлеміндегі татуласу үдерісін ілгерілету міндетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына жүктеуді ұсынамыз және бастаманың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ұсыныстарды дайындау мақсатымен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Бас хатшысынан осы саладағы жағдайға терең талдау жасауды сұраймыз.

7. Ислам әлеміндегі татуласу тақырыбын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Мемлекет пен үкімет басшылары саммиттері отырыстарының күн тәртібіндегі тұрақты мәселесі ретінде бекітуді ұсынамыз.

8. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттерді халықаралық қатынастардағы шиеленісті бәсеңдету үшін нақты қадамдар жасау және қордаланған проблемаларды түрлі консультация тетіктерін қалыптастыру жолымен шешу, дипломатиялық миссиялардың, парламентаралық диалогтардың, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы ислам әлеміндегі татуласу бастамасын нақты іс жүзіне асыру үшін үлес қосуға шақырамыз.

 

2016 жылғы 13 сәуір, Ыстанбұл

Ақорда баспа сөз қызметі

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: