ҚАЗАҚТЫҢ КЕШІГУ СИНДРОМЫ
Біз үнемі кешігеміз. «Неге кешіктің?» – деп сұрай қалса, «Қазақпыз ғой», – деп ақталамыз. Өйткені, қазаққа «кешігу» деген сөз таңсық емес. Тіптен әзіл-сықақ театрларының нысанасына да осы тұсымыз жиі ілігіп жатады. Қазақтың санасына кешігу шартсыз рефлекс ретінде қалыптасып, ұлттық менталитетіміздің бір бөлшегі іспеттес болып кеткендей көрінеді де тұрады. Құдай Тағала адамзатты жаратып, кейін келе олардың ұрпақтары ұлттар мен ұлыстарға бөлінгенде, әрбірінің пешенесіне тағдырын белгілеп бергені хақ. Мүмкін сол кезде қазақ халқының маңдайына кешігуді жазып жіберген болуы керек деген мағынасыз ой да келеді кейде… Содан кейін бізге геніміз арқылы қанымызға сіңіп кеткен-мыс. Бірақ Құдай Тағала адамзаттың бәрін тең жаратты ғой. Еврейге ақылды болуды, неміске шөгел болуды, жапондарға қайсар болуды, арабтарға