КҮЙТІН жобасы:Алда қытайдың әкімшілік аумағы мен әкімшілік картасы өзгеруі мүмкін
1966-76 жж арасында қытайда ұлттық автономиялы региондар мен облыс, окургтердің әкімшілік жұмысы уақытша тоқтап қалған еді. Тоқтап қалу былай тұрсын құлдырап кеткен еді. 1979-83 жж арасы ұлттық автономиялы региондар мен әкімшілік құрлымдар қайта жанданып қайта жасақталып жатты. Бұл кезең қазақтар үшін Шыңжаң регионынан бөлінудің соңғы орайы еді, өйткені 1983-шы жылдары ұлттық территориялы автономия мәселесі тыңнан талқыға түскен, әртүрлі ұсыныстар қаулыда қабылданып жатқан кезең еді, осы орайда орталық билік қазақтардың арман-тілегін қабылдайды деп сенген бір топ ат төбеліндей қазақ зиялылары “қазақ регионын” құрудың ұсыныс-жобасын орталық үкіметке ұсынған-ды. Өкініштісі, Сайпиден Әзези орталықта болғандықтан Шыңжаң мәселесі туралы сын-пікір орталыққа жету үшін алдымен оның алдынан өтуі тиіс-ті. Сайпиден қазақтардың жеке регион болып