Қазақ тілі – ІТ мен өркениет көшінде өз орнын табарына кәміл сенуіміз керек
Жуырда National Geographic журналының қазақ тіліндегі алғашқы саны жарыққа шықты. Бұл мемлекеттік тілде таралатын тұңғыш шетелдік басылым болып отыр. Басылым алғашқы санынан-ақ еліміздегі маңызды экологиялық проблемаларға назар аударып отыр. “Арал тағдыры – адам тағдыры” деп аталатын мақалада ғаламшардағы ең үлкен су қоймасы, Орталық Азияның маңызды стратегиялық нысаны – Арал теңізінің жай-күйі баяндалған. “National Geographic Қазақстан” журналының негізгі мақсаты, құрылтайшылардың айтуынша, экологиялық мәселелермен қатар, еліміздің қайталанбас сұлу табиғатын, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесінің алуандығын насихаттау. Сондай-ақ, қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне ақпараттық қолдау көрсету. Осы мақсатта журнал ұжымы биыл еліміз бойынша бірқатар зерттеу экспедициялары мен фотокөрмелер ұйымдастырмақ екен. Осы ретте журналдың жауапты редакторы Мақсат Ясылбайұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік. TENGRINEWS: Журнал Орталық Азия