Майлыбаевпен бірге ұсталған Галихиннің сепаратизмге қатысы болған ба?
] Дүйсенбіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында сенсациялық хабарлама жарияланып, Қылмыстық Кодекстің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б.Майлыбаев және Н.Галихиннің ұсталғаны мәлім болды. Ал 14-қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. Бағлан Майлыбаев жайлы көп нәрсе белгілі. Бірақ онымен бірге тұтқындалған Николай Галихин жайлы ешнәрсе белгісіз. Today.kz порталы жазғандай Галихин туралы мәліметтер желіде 2008 жылдары пайда болыпты. Ол кезде оның Ресейдегі Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы ретінде жиынға қатысқаны жарияланған. Дегенмен әлеуметтік желіде Николай Галихинға қатысты өзге мәліметтер қырағы