|  | 

Саясат

Майлыбаевпен бірге ұсталған Галихиннің сепаратизмге қатысы болған ба?

Майлыбаевпен бірге ұсталған Галихиннің сепаратизмге қатысы болған ба?] Дүйсенбіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында сенсациялық хабарлама жарияланып, Қылмыстық Кодекстің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б.Майлыбаев және Н.Галихиннің ұсталғаны мәлім болды.

Ал 14-қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.

Бағлан Майлыбаев жайлы көп нәрсе белгілі. Бірақ онымен бірге тұтқындалған Николай Галихин жайлы ешнәрсе белгісіз.

Today.kz порталы жазғандай Галихин туралы мәліметтер желіде 2008 жылдары пайда болыпты. Ол кезде оның Ресейдегі Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы ретінде жиынға қатысқаны жарияланған.

Дегенмен әлеуметтік желіде Николай Галихинға қатысты өзге мәліметтер қырағы қазақстандықтардың назарынан тыс қалмапты. Әсіресе сырт келбеті Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі қызметкеріне өте ұқсас осы аттас адамның Одноклассники желісіне салған суреттері мен түрлі қызықты жазбалары көңіл аударарлық екен.

Қазақстанда тұратын Николай Галихин есімді адам осындай да мәліметтерді жиі таратып отырған.

Бұған қоса желі қолданушылары қызықты суреттерді тауып алыпты.

Сондай-ақ Николай Галихин “Новороссия (ДНР) және (ЛНР) фашисттерге қарсы» тобындағы жазбаларды «керемет» деп пайымдап, үнемі белгілеп отырыпты.

 

 

Еске салсақ, ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтерді заңсыз жинап, тарату және жария еткені үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
kaz.caravan.kz
Н.Галихин Ресейге тыңшылық етуi мүмкiн бе?

Президент әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевпен бiрге ұсталған осы мекемеде iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары болған Николай Галихин Ресейдiң мүддесiне жұмыс iстеген болуы мүмкiн. Олай деуiмiзге қылмыстық кодекстiң “Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату және жариялау” бабымен айыпталған 53 жастағы Н.Галихиннiң әлеуметтiк желiдегi парақшаларының мазмұны түрткi болды. Бiрден айта кетейiк, Н.Галихин туралы мәлiметтер табу қиын-ақ болды. Елдегi iшкi саясаттың құлағын ұстаған адам көптiң көзiне түспеген, жариялылықтан аулақ жүрген. Журналистерге сұхбат беруден бойын аулақ салған.

БАҚ беттерiндегi азды-көптi хабарламалардан оның Ресейде өткен алқалы жиналыс, кездесулерден қалмағанын, тiптi пiкiр бiлдiргенiн анықтадық. Есесiне, ресейлiк әлеуметтiк желiлердегi парақшаларында Николай Галихин есiмдi азамат саяси көзқарастарын жасырмайды.
Мәселен, “Одноклассники” деп аталатын желiде Николай Галихин деп тiркелген адамның бет-әлпетi де, жасы да ұсталған iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасарына келедi. Отбасылық суреттерiн жариялаудан бөлек бұл адам әлемде, әсiресе Украинада болып жатқан оқиғаларға қызығушылық бiлдiрiп отырған. Және ол көшiрiп басқан суреттер мен пiкiрлерге қарасаңыз, Н.Галихин дегенiңiз Ресейдiң Украинаға қарсы басқыншы саясатын, Сириядағы әрекетiн қос қолын көтерiп қолдайтын, Еуропаның босқындарды қабылдағанын мысқылдайтын нәсiлшiл адам екенiн анық байқайсыз. Кiлең Ресей мен оның мүддесi туралы суреттерден тұратын парақшасына қарап бұл адам Қазақстан емес, Ресейдiң азаматы дерсiз.
Әлеуметтiк парақшасы ДХР мен ЛХР секiлдi әлемдiк қауымдастық, оның iшiнде Қазақстан мойындамаған сепаратистiк құрылымдарға жеңiс тiлеген суреттерге толы. Қазақстан ресми түрде Украинадағы сепаратизмдi қолдамайтынын бiлдiрдi. Тiптi құқық қорғау органдарының бiрнеше адамды Украинаның оңтүстiк-шығысындағы қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшiн соттағанын, сепаратистердi жақтап пiкiр бiлдiргендерi үшiн жауапқа тартқанын да бiлемiз. Ал президент әкiмшiлiгiндегi iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары қызметiнде жүрiп күнi кешеге дейiн ашықтан-ашық Қазақстанның саясатына қайшы, керек десеңiз Украина мен Қазақстанды арандататын материалдармен бөлiсiп келген! Сонда қарапайым интернет қолданушылардың аузын бағып отыратын ҰҚК мен өзге де органдар ай қарап жүрдi ме? Тұмсығының астындағы арандатушылық пен зымияндықты көрмеген арнайы қызмет орындарының құны көк тиын. Путиннiң саясатын сынағаны үшiн қарапайым ақтөбелiктi 3 жылға соттап жiбергендер мына бассыздыққа неге үндемей келдi? Украина президентiн шошқаға теңеген, ақыл-есi дұрыс емес адам ретiнде көрсеткен Н. Галихин сонда заң бұзбаған ба? Әлде билiкте отырғандарға заң талабы жүрмей ме? Ауыр айыппен қамаларынан аз уақыт бұрын Тәуелсiздiк мерейтойының қарсаңында Н.Галихиннiң “Құрмет” орденiмен марапатталуына қарағанда шынымен солай ма деп қаласыз.
Одан бөлек, әлеуметтiк желiлерде Николай Галихиннiң 30 жыл бұрынғы 1986 жылғы қанды оқиғаларда қазақ студенттерiн қудалауға белсендi қатысқаны туралы мәлiмет тарады. Ол ақпардың рас-өтiрiгiн алдағы уақытта анықтай жатармыз, әзiрге белгiлiсi бiрнеше адам ұсталған президент әкiмшiлiгiнiң бұрынғы қызметкерiн Желтоқсан оқиғасы үшiн туыстарын оқудан қудалағандардың бiрi ретiнде көрсетедi.
Н.Галихин туралы осындай деректерден кейiн, бұл адам Ресейдiң мүддесiне жұмыс iстеп келуi мүмкiн деген ой туады. Қамауға алынғандардың мемлекеттiк құпияны жинап-таратқаны рас болса, әсiрересейшiл тұлға мемлекеттiк құпиялармен көршiмiзбен бөлiспегенде кiмге беруi мүмкiн? Олай болса ықпал ету жағынан үкiметiңнен асып түсетiн президент әкiмшiлiгi Кремльдiң ықпалында деген сөз. Яғни, тәуелсiз ел президентiнiң iшкi және сыртқы саясатқа қатысты бүкiл ойы мен жоспарлары В.Путиннiң үстелiнiң суырмасында жатыр. Оның iшiнде президент Н.Назарбаевтың жеке басына қатысты құпиялар болса, былықтың көкесi басталды дей берiңiз. Н.Галихин жалғыз әрекет етуi мүмкiн емес. Мұндай iсте сыбайластар, тiлеулестер, оған қарыздарлар болады. Демек алда талай жасырын тыңшының әлеуметтiк желiсiне үңiлiп, жаңа қырларынан тануымыз мүмкiн. Әрине, оған дейiн бетперде кигендер жазған-сызғандарын тазалап тастамаса.

Әдiл ҰЗАҚБАЙ

zhasalash.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: