Жәнібек туын алып шығып бүкіл әскери адамдар мен ел бастықтары тудың алдында ант берді
Қапас екеумізді Қоңырқай дарасындағы бекініске апарып бақты. Қапас тез жазылып кетті. Өйткені оқ сүбені тесіп өтіп кетіпті. Әкем алтын салған аю өтімен 31 күн емдеп жазылып кеттім. 30 кісі ертіп беріп Сұлубайды Бұлғындағы Жәнібек аулына Жәнібектің туын алып келуге жібердік. Сұлубай туды алып Зарыққанды ертіп Күртіде отырған Оспанға келді. Ту келгеннен кейін Арал елін шақырып ат шаптырып той қылдық. Жәнібек туын алып шығып бүкіл әскери адамдар мен ел бастықтары тудың алдында ант берді. Соғысты жалғастыра беруге серт берістік.[52] Алтай үкіметінің бастығы Гау Бауиға қағаз жібердік. “Біз ұлттық езгіге қарсы күресеміз. Өз тәуелсіздігімізді алмай қоймаймыз. Шынжаң деген бүкіл территорияны босатып аламыз. Өз алдымызға Шығыс Түркістан мемлекетін құрамыз. Бүгіннен тартып бандит Шың