Мұрат Өнал: «Болашақта Шымкенттен футбол мектебін ашқым келеді»
Мұрат Өнал – футбол жанкүйерлеріне таныс есім. Аты аңызға айналған «Аякс» футбол мектебінде тәлім алған шетелдегі қандасымыз былтырдан бері бірінші лигадағы «Қыран» (Шымкент) командасында өнер көрсетіп келеді. Атажұртына асыға жеткен қазақ баласының өмір жолына қарасақ, ол 1987 жылы 20 шілдеде Түркияның Салихли қаласында туып, кейіннен Голландияның Амстердам қаласына қоныс аударған. 2006-2007 жылдары Бельгияның «Брюгге», 2007-2008 жылдары Голландияның «Ден Хааг», 2008-2012 жылдары Голландияның «Волендам», 2012-2013 жылдары Финляндияның «Каяни» клубында ойнаған. «Ұлттық құраманың намысын қорғау – ең үлкен арманым» – Мұрат, «Қыран» футбол командасында ойнап жүргеніңе бір жылдан аса уақыт болды. Жоғары лигаға немесе басқа командаға ауысу жоспарда бар ма? – Әзірге ондай жоспар жоқ. Бұл клубта жүріп жақсы достар таптым. Олармен
