«Қазақ ұлтына сырттан келер үлкен көмек бар, ол – оралмандар» деген едi Алтынбек Сәрсенбайұлы
2004 жылдың 10 қыркүйегiнде ҚР Ақпарат, мәдениет және қоғамдық келiсiм министрi, “Ақ жол” демократиялық партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы (Алтекең билiк тарапына белгiлi бiр шарт қоя отырып, қайта министр болған кез), серiктерi Төлеген Жүкеев, Сейдахмет Құттықадам және көмекшiсi Айдос Сарым оралман зиялылармен және кәсiпкерлермен кездестi. Бұл басқосуды Рахым Айыпұлы ұйымдастырды. Журналист Әлiмжан Әшiмұлы қағазға түсiрген, құнттап жазып алған бұл еркiн пiкiрлесуде айтылған ойлар бүгiн де құнды. Соны ескерiп, ықшамдалған нұсқасын оқырманға ұсынғанды жөн көрiк. БIРЛЕСIП ЖАҢА ЖОЛ IЗДЕЙIК – Құрметтi бауырлар, сiздер менi сырттай бiлесiздер. “Ақ жол” партиясы сiздермен кездесудi маған өткiзсiн деп тапсырды. Сiрә, соған қарағанда менiң оралмандарға күйеубала екенiмдi ескерген болса керек (ду күлдi). Өйткенi менiң әйелiм –Ресейдiң