АҢЫЗ: ОН ЕКІ КЕРЕЙ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН
Түгел сөздің түбі бір деген Майқы би, сонымен қатар қазақтың да түп атасы. Майқы биден қазақ пен созақ туады. Созақтар Ауғанстандағы қазақтар деп ойлаймын. Қазақтан Алаш туады, Алаштан Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс. Ақарыс дегеніміз ұлы жүз, Бекарыс дегеніміз орта жүз, Жанарыс дегеніміз кіші жүз. Бүкіл қазақ осы үш жүзден тарайды. Ұлы жүз бен кіші жүз бөлек бір әңгіменің желісі, мен бұл жерде орта жүзді айтайын. Орта жүзден қоңырат, қыпшақ, арғын мен найман (бұл екеуі бір анадан), уақ пен керей (бұл екеуі де бір анадан) болып алты ру тарайды. Уақ ағасы екен, Керей інісі екен. Керей өлгенде артында Құттықожа деген жалғыс ұлы қалыпты. Апамыз Абақ болса жесір қалыпты. Керейдің асын берін тұлын