|  | 

Қазақ шежіресі

АҢЫЗ: ОН ЕКІ КЕРЕЙ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН

Түгел сөздің түбі бір деген Майқы би, сонымен қатар қазақтың да түп атасы. Майқы биден қазақ пен созақ туады. Созақтар Ауғанстандағы қазақтар деп ойлаймын.

Қазақтан Алаш туады, Алаштан Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс. Ақарыс дегеніміз ұлы жүз, Бекарыс дегеніміз орта жүз, Жанарыс дегеніміз кіші жүз. Бүкіл қазақ осы үш жүзден тарайды.

Ұлы жүз бен кіші жүз бөлек бір әңгіменің желісі, мен бұл жерде орта жүзді айтайын. Орта жүзден қоңырат, қыпшақ, арғын мен найман (бұл екеуі бір анадан), уақ пен керей (бұл екеуі де бір анадан) болып алты ру тарайды.

Уақ ағасы екен, Керей інісі екен. Керей өлгенде артында Құттықожа деген жалғыс ұлы қалыпты. Апамыз Абақ болса жесір қалыпты. Керейдің асын берін тұлын аударып Уақ батыр анамыз Абаққа кісі жіберіп “Маған қарасын” деп сәлем айтыпты. Апамыз Абақ оған “Құттықожа аман болса, маған байдың керегі жоқ” деп жауап қайтарып тимей қойыпты.

Сонсоң Абақ апамыздың бір күні бір сыйыры күйлепті. Уақ батырдың бір бұқасын айдап кел деп қайнағасының аулына бір кісі жіберіпті. Уақ батыр келген кісіні қамшының астына алып сабап “Өзі сопы неменің малы да сопы, менің өзім арам болғанда малымның сідігі халал ма?” деп оны қуып жіберіпті.

Мұндай жауапты күтпеген Абақ апамыз “Біз сүйеніп жан етеміз деген туысымыз мұны істесе, бұл жерде тұруға болмайды екен” деп Құттықожаны арғымаққа таңып алып ұлы жүз үйсіндегі төркініне көшіп кетіпті.

Төркініне барса Нәзір қожа дейтін бір сарт молла ауылда бала оқытып отыр екен. Баласы Құттықожаны моллаға “еті сеніңкі, сүйегі меніңкі” деп оқуға беріпті. Бір күні Абақ апамыз Нәзір молладан шариғат жолын сұрап: “Қайнағам алам деді. Оған тимедім. Алам деген қайнағам тура ма, тимеймін деген мен тура ма?” депті.

Сонда молла: “Жас қатын тұл қалып байға тимесе, аққан судың бас жағынан дәрет алса, аяқ жағынан ішкен су шошқаның сорпасымен бірдей болады” деп айтыпты.

Апамыз Абақ шошып кетіпті. Кері қайтып Уақ батырға тигенді ар көріп Нәзір молланың өзіне тиіпті. Одан екі ұл болыпты. Біреуінің аты Жиеншора, біреуінің аты Бердішора қойыпты. Бердішорамыз құлтайболат, меркіт болады.

Құттықожа ержетіп үйленіп одан Бағаналы мен Жаппас туыпты. Бағаналының үш ұлы болыпты. Олар: Жәдік, Жәнтекей, Шеруші.

Жаппастан үш ұл болыпты: Нұрғазы, Нұржұбай, Нұрманбет.

Нұргазының қасы ұзын екен. Қарақасты деп жүріп Қарақас атанып кетіпті. Нұржұбайымыз садақкер кісі екен. Садағы сынып тоқтамаған соң, түйенің жас терісімен садағын қаптатыпты. Көңсадақты деп жүріп Көнсадақ атаныпты.

Нұрманбеттің шешесі монгол қызы екен. Нұрманбеттен басқа бала көтермей жүріпті. Сонда құрбы құрдастары бала таппадын ғой деғенде: “Нұрманбетім аман болса болқы, болқы, яғни болды, болды” деп жауап береді екен. Содан молқы атанып кетіпті.

Нағыз керейлер осы алтауы дейді. Бұл алтауы сарттан туған екеумен сегіз болады. Сегізі де батыр болып он жүз аймауыт пен тоғыз жүз торғауытты шауып жүргенде екі бала олжалап алыпты. Екеудің біреуінің атын Байлау, біреуінің атын Қойлау қайыпты. Байлауыңыз сартоғай, сарбас, жастабан болады. Қойлауыңыз ителі болады.

Бұл батырлар және ел шауып бір қалмақтың жалғыз ұлын олжалап алыпты. Ол мықты жігіт болған екен. Бір күні Мұзтаудың арқасында құлындап тұрған бұлан деген анды атып құлынын әкеп екі енекке теліп құнан күнінде жібектен арқан тағып, дөнен күнінде үстіне мініп үйреткен екен. Сөйтіп жабайы анды айғыр күнінде үйреткен екен. Содан ол алты айлық жолды алты күнде жүретін арғымақ болған екен. Оны ел шыбарайғырлы келе жатыр деп айтып жүріп Шыбарайғыр атанып кетіпті.

Бұл он бір батыр түнде бір ауылдың үстіне түсіп қалыпты. Ол ауыл қашып кетіпті. Ертеңіне күн ағарғанда қараса жұртта бір мешел бала қалып қойыпты. Шимойын мешел деп ат қойыпты. Шимойын, шимойын деп жүріп шимойын атанып кетіпті.

Міне он екі керейің осымен бітеді.

Әңгімені айтқан: Ибрахим Дазухан. Одан 1985 жылы ұлы Ғанимет Дазухан жазып алған. Қолжазбадан дайындаған: Әбдіуақап Қара Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    СӨЗ БАСЫ «Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен. Өкінішке қарай, жағымсыз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: