|  | 

Шоу-бизнис

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

Әлемге танылғанға дейін қара жұмыс істеп, ақша тапқан жұлдыздар бар. Жұлдыздың бәрі бірдей “байдың баласы” емес… Олар да қарапайым өмір сүріп, күйбең тірліктің ащы дәмін татқан. Тіпті әлемдік жұлдыздардың дені жоқшылық көрген деуге болатындай. Қиындық көріп, тиын санап жүріп бір-ақ күнде бақ қонып, атағы аспандаған жандардың тізімін жасап көрдік деп жазады Massaget.kz.

 

Марлон Брандо

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

МАРЛОН БРАНДО. ФОТО: МАССАГЕТ

Тарихтағы ең ұлы актерлердің бірі, екі рет “Оскар” сыйлығын иеленген Американың тумасы Марлон Брандо бала кезінен бастап ерік-жігерімен ерекшеленген. Жоғары сыныпта оқып жүргенде ата-анасына өздігінен табыс таба алатынын дәлелдемек болып кинотеатрға билет сатушы болып орналасады. Мектеп бітірген соң бірнеше ай бойы жер қазушы болып жұмыс істеген. Дәл осы кезде көкейінде “актер болсам” деген арман туған.

Джулия Робертс

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

Американың тағы бір әйгілі тумасы, “Оскар” сыйлығының иегері, актриса Джулия Робертс Нью-Йоркте балмұздақ сатқан. Кастингтен-кастинге барып жүрген уақытта Джулия шағын дүңгіршекте балмұздақ сатып, табыс тапқан.

Клинт Иствуд

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

Америкалық актер, режиссер, “Оскар” сыйлығын бірнеше мәрте иеленген Клинт Иствуд әлемге танылмай тұрып бассейн тазалаушы болып жұмыс істеген. Қарапайым бассейн емес, Голливуд жұлдыздары түсетін бассейнді тазалаған.

Аль Пачино

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

Тарихтағы ең ұлы актер болып саналатын америкалық Аль Пачино 17 жасында үйден қуылып, мектептен шығып қалған. Өмірінің осы бір қиын сәтінде болашақ әйгілі актер еден жуушы, даяшы, зат жеткізуші, пошташы, қоғамдық көлікте билет тексеруші қызметтерін атқарған.

Джордж Клуни

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

“Оскарды” бірнеше мәрте иеленген америкалық Джордж Клуни актер ретінде танылғанға дейін Лос-Анджелестегі бір дүкенде ер адам костюмін сатқан.

Рассел Кроу

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

 

Адам айтса, сенгісіз. “Оскар” сыйлығының иегері, австралиялық әрі америкалық актер Рассел Кроу бір кездері Сидней көшелерінде ән салып күнін көрген.

Дженнифер Энистон

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

Американың атышулы актрисасы Дженнифер Энистон телефон маркетингі саласында жұмыс істеген. Сондай-ақ актрисаның кезінде курьер болғаны да жұртқа аян.

Майкл Кейн

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

1960—1990 жылдары ең көп сұранысқа ие болған британиялық актер, “Оскар” сыйлығын алты рет иеленген ұлы тұлға бір кездері Лондондағы бір мейрамханада ыдыс жуушы болып нәпақа тапқан.

Силвестр Сталлоне

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

Америкалық актер Сталлоне Швейцарияда оқып жүріп, тренер болып жұмыс істеген.

Джейсон Стэтхэм

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

Голливуд жұлдызы 15 жастан бастап 30-30 жасқа дейін көшеде көшірме алтын мен көшірме әтір сатқан.

Джим Керри

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

15 жасында канадалық әрі америкалық актер оқуын тастап, құрылысшы болып жұмыс істеген. Фабрикада қызметші болып нәпақа тапқан актердің үй-күйсіз далада қалған күні де болған.

Дереккөз: massaget.kz

Related Articles

  • “Астана” – “Вильярреал” 2:3

    Стоилов өзімен бірге қартайып бара жатқан командасына екі нәрсені әлі үйрете алмай келеді. Бірінші, доптан айырылмай қатарынан төрт мәрте пастасу (ең құрығанда алаңның өз жартысында). Екінші, командадағы еуропалық деңгейде ойнайтын екі шебер – Твумаси мен Кабанангаға дер кезінде доп асыру. Испанияның тәуір командасымен тартысты матч өткізді деп мақтауға, тоқмейілсіп отыра беруге болар еді. Бірақ алдағы трансфер маусымында қос мергенді Еуропа клубтары қағып әкеткесін не болмақ? Олардың да заманы өтіп барады, дұрысырақ алаңда доп тепкілері келеді. Ал қалған өкпесі өшкен, физикасы отырған, тек төрешімен тәжікелесуді қатыратын, дені Балқан түбегінен жиналған “астаналықтар” жасанды алаңдарында не нәтижеге қол жеткізбек? Ішкі чемпионатты күшейтпей тұрып, балалар мен жасөспірімдер футболына жағдай жасамай жатып, бюджеттің ақшасын шашып,

  • БҰҰ комитеті Семей өңірі бойынша қарарды мақұлдады

    Семей қаласы орналасқан Шығыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет). БҰҰ Бас ассамбелясының экономика және қаржылық мәселелер бойынша комитеті Семей өңірінің халқын сауықтыру, қоршаған ортасы мен экономикалық дамуын қалпына келтіру мақсатындағы іс-қимылдарды үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық туралы қарар жобасына келісті. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, құжат 23 мемлекеттің демеушілігімен және өзара уағдаластығымен мақұлданған. Министрлік ақпаратына қарағанда, қарарда Қазақстан үкіметінің Семей өңірін сауықтыру және дамытудағы рөлі атап өтіледі. Сонымен қатар құжат халықаралық қауымдастықты “Қазақстанның зардап шеккен тұрғындарды емдеу және оларға қызмет көрсетудің арнайы жобалары мен бағдарламаларын дайындап, іске асыруына және аймақты орнықты дамытып, экономикалық өсімге қол жеткізудегі жұмыстарына көмектесуге шақырады. Министрлік бұл қарарды БҰҰ Бас ассамблеясы Семей өңірі бойынша 1997 жылдан

  • АСПАННАН ТҮСКЕН МИЛЛИОНЕР

    Erlan Toleutai facebook парақшасынан “Сығанақ” қаласының ішінде “Қазақ елі” тарихи сериалының “Халық көтерілісі” сахнасын түсіріп жатқан едік. Дəл төбемізден “гүр” етіп, “Бидайықтың көл жайқаған жалғызындай” бір тікұшақ ұшып өте шықпасы бар ма! “Мынау қайтеді-ей”, – деп қойып, түсірілімді жалғастыра бердік. Сәлден соң, түскі асқа берілетін 40 минуттық үзілісті пайдаланатын əдетіммен Іле бойын жағалап кеттім. Жоғары өрлеп келе жатыр едім, бағанағы тікұшақтың өкпе тұсымнан шыға келгені. Тым төменде ұшып жүр, қамысқа қонайын деп жүрген кəдімгі инелік сияқты, үшкіл тұмсығымен су жағасындағы алып жартастарға сүйкене таяп барып “үңіледі” де, қайта серпіледі. Бір кезде шұғыл бұрылып, осының бəрін қызықтап қарап тұрған маған қарай төтелей салды. Əуелде өтіп кетер деп ойлаған ем, жоқ, тура

  • Қолөнер көрмесі өтеді.

     Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттарының тарихы өте тереңде. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бабадан қалған асыл мұрамыз көпке қайта таныла бастады. Рухнаи жаңғыруда жадыға сақтап, Ұлттық кодымызды айшықтайтын, өзгеде жоқ ерекше дүние, ол – қолдану кезінде пайдасы көп, ағаштан ойылып, ою салып сапалы жасалған қазақтың көнеден келе жатқан тұрмыстық заттары. Сан түрлі заттардың түрін тұрмақ, атауында ұмытқалы қашан? Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында оқушылар, студент жастарға, жалпы жұртқа үш күндік көрме көрсетілмек. Аяқ, Аяққап, Астау, Бақыраш немесе жолаушы жанында жүретін, Жанторсық, май шайқайтын Жуаз, күміспен, сүйекпен шекетулеген Зерен, Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдысты, болмаса теріден қатырып жасалынған бие сауатын шелек –

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: