«Орыстар неге кетіп жатыр?». Борис барлық шындықты айтты
Қайда? Неге? Қазақстаннан кімдер кетіп жатыр? Білсеңіз, былтырғы жылы біздің елден Ресейге 23 589 орыс көшіп тыныпты. Кетіп жатқандардың 88 пайызы Ресейді таңдапты. Тегін емес-ау осы… Бір себебі бар. Сamonitor.kz-те жарияланған мақаланы оқып осындай ойға қалдық. Аударып, ықшамдап ұсынып отырмыз. Мақаланың түп-төркінін түсінген адам оның неге және не себепті жазылғанын да бірден аңғаруы тиіс. Солай.kaz.365info.kz. «Баламның соңынан бардым» Алдымен Валерия Гуревичтен бастайық. 60-қа қараған шағында Петербургке көшкен. «Неге өйттім? Баламның соңынан бардым. Осында оқуға түсті. Үйленді. Ресей азаматтығын алды. Өкінбеймін. Мұнда ет жақындарым тұрады. Еркін жүріп-тұрам. Бірақ, Қазақстан да қымбат маған. Жаман өмір сүргем жоқ ол жақта», — дейді зейнеткер. Бұдан нені түсіндік? Қазақстандағы орыстардың тәуелсіздік тұсында өмірге келген үрім-бұтағы тарихи отанына