“О”-ның маңызы
Он шақты жыл бұрын Жапониядағы ірі БАҚ-тарда тағылымдамадан өтіп жүріп, бір апта осакалық жапон отбасында тұрдым. Жапониялық “әке-шешеммен” сөйлесіп отырып, көліктерін мақтадым. Бірақ, қай модель туралы айтып отырғанымды бірден түсіндіре алмадым. “ТаЁта ше, ТаЁта” деп біраз әуреледім. Сосын барып гәп менің әлгі сөзді айтуымда екенін байқап, белгісін көрсетіп ем, екеуі “О, ТұйұтА ма, иә ТұйұтА жақсы мәшине” деп қауқылдасып қалды. Сол кезде бұл сөздің өз тілінде қалай айтылатынын біліп алдым. Кейін Лондонға барсам, ағылшындар да “ТойотА” деп жапон тіліне ұқсас түрде екі “о”-ны анық айтып, екпінді соңғы “а”-ға түсіреді екен. Кейін Батыста және Шығыста тұратын қазақ диаспораларындағы ағайынның халықаралық терминдерді түпнұсқасына жақын түрде, еркін дыбыстайтынын аңғардым. “Қазақ тілінде шетелдік, я