ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. «ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды. Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды. Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын арада жоғары октанды бензинмен