ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
«ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды.
Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды.
Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын арада жоғары октанды бензинмен және дизель отынымен ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Атап айтқанда, жекелеген қондырғыларда ақаулардың туындауы туралы ұсынылған деректердің негізінде Қ. Бозымбаев мұнай өнімдерін өндіру қондырғыларын орнату мерзімдері орындалмауы мүмкін екендігін ескертті.
Кеңес қорытындылары бойынша Министр 8 қарашаға дейінгі мерзімде жоғары октанды бензинді шығару қондырғыларын және қысқа мерзімде дизель отынын шығару қондырғыларын іске қосу қажет екендігін атап өтті.
Бұл ретте, «ПМХЗ» ЖШС-ны жаңғыртуды аяқтаудың белгіленген мерзімдері сақталмаған жағдайда, Министр топ-менеджерлерді атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізетін болады.
Павлодар және Атырау МӨЗ-деріне Министр объектілерді жаңғыртуды созу тәуекелдерін анықтау үшін Министрліктің комиссиясын жіберуді тапсырды.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
Пікір қалдыру