Путин мен Хорст Зеехофердің протокол диалогы
Кремльдің сайтынан Ресей президенті Владимир Путин мен Бавария өлкесінің премьер-министрі Хорст Зеехофердің протокол диалогын оқып отырмын. Барлық дипломатиялық шаблон мен сыпайылықты алып тастаса, қарапайым адам тіліне былай аударуға болатын сияқты: Путин: – Дүние түгел сырт айналғанда бізді әйтеуір ұмытпай, кезінде ашқан 1600 кәсіпорындарыңызды жаппай, экономикамызға жан бітіріп тұрғандарыңызға рақмет. Нарығымыздан кетіп қалмайсыздар ғой, иә? Кетпеңіздерші! Зеехофер: – Мына Мәскеудің мэрі жақсы танысым еді, сол ғой қоймай Кремльдегі қабылдауға сып еткізіп жазып жіберген. Осы жолы Ресейге бара жатырмын деп қалып ем, Германияда мені сөкпеген адам қалмады. Украина мен Сирияда бүлдірген ісің – анау. Қалай қаламыз мұнда? Әлбетте, біз еркін өлкеміз. Бірақ әуелі федералдық канцлермен мәселеңді шешіп алшы, әйтпесе бізден саған дым жоқ.