Путин мен Хорст Зеехофердің протокол диалогы
Кремльдің сайтынан Ресей президенті Владимир Путин мен Бавария өлкесінің премьер-министрі Хорст Зеехофердің протокол диалогын оқып отырмын. Барлық дипломатиялық шаблон мен сыпайылықты алып тастаса, қарапайым адам тіліне былай аударуға болатын сияқты:
Путин: – Дүние түгел сырт айналғанда бізді әйтеуір ұмытпай, кезінде ашқан 1600 кәсіпорындарыңызды жаппай, экономикамызға жан бітіріп тұрғандарыңызға рақмет. Нарығымыздан кетіп қалмайсыздар ғой, иә? Кетпеңіздерші!
Зеехофер: – Мына Мәскеудің мэрі жақсы танысым еді, сол ғой қоймай Кремльдегі қабылдауға сып еткізіп жазып жіберген. Осы жолы Ресейге бара жатырмын деп қалып ем, Германияда мені сөкпеген адам қалмады. Украина мен Сирияда бүлдірген ісің – анау. Қалай қаламыз мұнда? Әлбетте, біз еркін өлкеміз. Бірақ әуелі федералдық канцлермен мәселеңді шешіп алшы, әйтпесе бізден саған дым жоқ.
Путин: – Мен туралы империалистер таратып жатқан өсекке сенбеңіздерші, оның бәрі – өсек! Әлбетте, сөйлесіп жатырмын канцлермен. Кейбір мәселелер шешіліңкіремей жатыр енді.
Зеехофер: – Білем, айтты маған.
Путин: – Бавария деген керемет жер ғой, шіркін! Сонда барып баспана алып жатқан сириялық босқындарды телевизордан көргенде ішімнен қызғанып кетем.
Зеехофер: – Оны да білем.
Ғалым БОҚАШтың facebook парақасынан алынды
Пікір қалдыру