Бас мүфти үндеуі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫНЫҢ қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа ҮНДЕУІ Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті қауым! Баршаңызды аса ұлық қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Рамазан мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл да Рамазан айын үлкен дайындықпен өткізбек. Еліміз бойынша мешіттер мен медреселерде, діни оқу орындарында, қоғамдық орталарда қайырымдылық акциялар, игі жобалар ұйымдастырылады. Баршаңызды осы ізгі іс-шараларға атсалысуға шақырамын. Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы. Ораза – тәрбие һәм тақуалық айы. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Уа, мүміндер, өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сендер тақуа боларсыңдар», –