Ресей билігіне Батыс тарапынан екі зор соққы жасалды.
Соңғы күндері Ресей билігіне Батыс тарапынан екі зор соққы жасалды. Біріншісі, Лондонның жоғары соты президент Владимир Путинді “адам өлтіруге тапсырыс беруі мүмкін жанама күдікті” деп жариялады. Екіншісі, АҚШ-тың қаржы министрлігі Путинді “мемлекет тетіктерін пайдаланып заңсыз байыған жемқор” деп атады. Бір мемлекет басшысына басқа мемлекеттің ресми орындары осыншама ауыр айып таққан соң әдетте не болады? Айып тағылған мемлекет “бұлқан-талқан ашуланып”, әлгі елмен дипломатиялық қатынасын бірден үзбесе де, кем дегенде елшісін уақытша шақырып алады. Мәскеудің мұндай қадам жасайтынына күмәнданам. Өйткені Путиннің Кремлімен Брежневтің Кремлін салыстыруға келмейді. Тіпті совет кезеңіндегі КГБ шет елде адам өлтіруге тек мемлекеттік әскери зауытта жасалатын сирек радиациялық у пайдаланып есірмес еді. Және сол миссияны орындаған агентін дарақылана ерегесіп,