|  | 

Жаһан жаңалықтары

Ресей билігіне Батыс тарапынан екі зор соққы жасалды.

putyinСоңғы күндері Ресей билігіне Батыс тарапынан екі зор соққы жасалды. Біріншісі, Лондонның жоғары соты президент Владимир Путинді “адам өлтіруге тапсырыс беруі мүмкін жанама күдікті” деп жариялады. Екіншісі, АҚШ-тың қаржы министрлігі Путинді “мемлекет тетіктерін пайдаланып заңсыз байыған жемқор” деп атады.

Бір мемлекет басшысына басқа мемлекеттің ресми орындары осыншама ауыр айып таққан соң әдетте не болады? Айып тағылған мемлекет “бұлқан-талқан ашуланып”, әлгі елмен дипломатиялық қатынасын бірден үзбесе де, кем дегенде елшісін уақытша шақырып алады. Мәскеудің мұндай қадам жасайтынына күмәнданам. Өйткені Путиннің Кремлімен Брежневтің Кремлін салыстыруға келмейді. Тіпті совет кезеңіндегі КГБ шет елде адам өлтіруге тек мемлекеттік әскери зауытта жасалатын сирек радиациялық у пайдаланып есірмес еді. Және сол миссияны орындаған агентін дарақылана ерегесіп, депутат қылмас еді. СССР-дің саяси жетекшілігі қанша ашкөз болса да, өлетін жерін білді, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы геосаяси ландшафты өзгертуге, тіпті өзіне тәуелді социалистік лагерьге кіретін әлдебір елдің бір сотық жерін болсын аннексиялап алуға бармады, халықаралық келісімдерді құлықсыз болсын орындауға тырысты. Сол СССР-дің экономикалық және әскери күш-қуатының ширегі де қалмаған путиншіл Ресей Грузияда, Молдова мен Украинада не істеді? Тағы бір параллель: совет жетекшілігінің ішінде қанша дегенмен марксизм-ленинизм идеяларына берілген интеллигенция жұрнақтары болды, КПСС көсемдері жемқорлыққа батқанымен, қазіргі капитализм мен жекешелендіруді өз мүддесі үшін пайдаланған нео-большевиктер сияқты кеңірдектен емес, тізеден ғана батты. Сэмюэл Хантингтонның бір жазғаны бар еді: “марксист идеяшыл орыспен әлдебір мәселе туралы даулассақ та, интеллектуалдық деңгейде диалогқа түсуге болушы еді. Ал мына жемқор, ұлтшыл орыспен не туралы сөйлесуге болады?” деп (жуық аударма). Бұдан әуелгі жүйе соңғысынан жақсырақ деп жаңсақ түсінуге де болмайды. Бірі түпкі негізі еуропалық саяси идеологияға негізделген, партиялық мораль сәл-пәл тәбетін тежеген зұлымдық болса, екіншісі – осы екеуінен де жұрдай режим.

Путин Қырым мен Донбастағы әрекеті арқылы қызыл шектен асып кеткенін біледі. Оны кезінде Ангела Меркель жақсы айтқан: “ЕДС-тан кейінгі Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасын бұзды” деген сипатта. Бертінгі СССР жасауға батпаған бұл ойсыз қиянаттың зардабы қандай зор болатынын Ресей жетекшілігі я әлі сезіп отырған жоқ, я сезсе де, пропаганда құрбанына айналған халқы үшін сыртқы жүнін қампайтып отыр. Сондықтан да Кремль Батыстың Путинге таққан ауыр айыбын заңдық кеңістікте талқылап, түбіне жетуге қуыстанады. Оның орнына әдеттегідей бұл мәлімдемелерді дерексіздендіріп, саясиландырып, “зорлықшыл Батыстың әлемдегі ең турашыл һәм дәстүрлі құндылықтарды бірден-бір қорғаушы президентке қарсы шабуылы” деп түсіндіріп отыра беруге тырысады. Бірақ бұл қулық ұзаққа бармайды-ау. Өйткені интернет жоқ заманның өзінде СССР жетекшілігі мұндай трагикомедиялық фарсқа айналған шылғи өтірік үгіт-насихат жүргізуден сәл болсын тартынар еді. Ал қазіргі онлайн-жәмиғатты “зомби жәшігімен” ұзақ жәдулеп ұстап тұру қиын. Өте қиын.

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: