|  |  | 

Жаңалықтар Қазақ хандығына 550 жыл

Қажы Зұқа батырды еске алу шаралары Ыстамбұлда басталды

Zuqabatir150

Биыл, яғни 2016 жылы  Алтайда өмір сүрген әйгілі батыр,  дін қайраткер, ел қормалы, ұлт-азатық күрес басшыларының бірі, қазақ тарихындағы даңсалы тұлға Зуқа қажы Сәбитұлының туғанына 150 жыл толды.  1866 жылы Қазақстанның қазіргі Зайсан ауданы, Кендірлік ауылында туған батырдың биылғы 150 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өту шаралары 2015 жылдың соңғы ширегінде басталып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Естеріңізге сала кетейік, Алаштың ардагер ұлы 1929 жылы сол кездегі қытай билеушілері тарапынан қастандыққа ұшырап, басы алынған еді.Zuqabatir urpaqtari

Айтулы датаға орай  батырдың ұрпақтарының ұйтқы болуымен Түркияда тұратын қандастарымыз да шараға әзірлік жұмыстарын бастап кетті.

Қаңтардың 24-жұлдызында, Ыстамбұлдағы қазақтар көп қоныстанған Бағжылар ауданында, Қожа Ахмет Яссауи қорыны залына жиналған қауым Зуқа сынды Алаш қайраткерінің 150 жылдық мерейтойын өткізуге дайындық шараларын пысықтап, батыр рухына және қазақстан тәуелсіздігі жолында қаза тапқан шахиттер мен Алаш арыстарына арнап «Құран хатым» түсіріді.  Шараға батырдың ұрпақтары мен қатар қазақтың зялылары мен ақсақалдары, аудан башылығы, Түркия үкіметінің өкілдері қатысты.Zuqabatir150 stambul

Шара мақсаты: үстіміздегі жылы Қазақстан, Түркия, Германия, Франция, Аустрия, Англия, Қытай, Мұңғұля қатарлы елдерде өткізілетін Қажы Зуқа батырдың туғанының 150 жылдығына орай өтетін еске алу шараларын үйлестіру және ұйымдастыру барысын талқылау болды. Айта кетейік, 2015 жылы қараша, желтоқсан айында Қазақстанның Алматы қаласындағы Дүние жүзы қазақтары қауымдастығы мен Ержәнібек қоры да осы мәселені талқылап, халықаралық деңгейде әрі жоғары дәрежеде ұйымдастыру туралы шешім шығарған болатын. Осымен бірге   Қытайдың Үрімжі қаласындағы Қазақ зялылары бас қосып, дайындық шараларын бастап кеткен болатын. Ыстамбұлда өткен жиналыс барысында Бағжылар ауданының орынбасар әкімі Кенан Гүлтүрік мырза сөз алып әкімшілік және түрік үкіметі тарапынан Түркияда және Қазақстанда өтетін барлық шараларға барынша қолдау көрсететіндіктерін білдірді.

Ұйымдастыру алқасы Дүние жүзы қазақтары қауымдастығы және Ержәнібек қорымен, ҚР әкімшіліктермен, түрлі қоғамдық ұйымдармен, жеке тұлғалармен  бірлесе отырып атажұртта да, атап айтқанда Астана, Алматы қалаларында батырдың өмірі мен күресіне арналған конференциялар өткізбек. Астана, Алматы, Ыстамбұл, Вена, Мүнхен, Көлін, Париж қатарлы қалаларда «150 рет құран хатым» түсіріліп, қайырымдылық шараларын өткізуді жоспарлап отыр.Zuqabatir satmbul 150

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге, жетім—жесірлер мен панасыздарға көмектесуге арнаған, 1920 жылы Алтайға басып кірген Орыстың Ақ патша генералы Бакичев А. С армиясын тойтарып, шекарадағы қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратқан Мұңғұл әскерлеріне соққы берген халықтың қормалы, Алаштың ардагер ұлы Зуқа туралы 3 тарихи роман жазылғанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, Қажығұмар Шабданұлының түрмеде отырып жазған «Пана» романы, Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» және Байахмет Жұмабайұлының «Сағыныш» романы. Сонымен бірге А.Мин, Ростислав Петров жазған «Черный иртыш» тарихи романында да айтылады.  Алтайдың Көктоғай ауданында батырға арнап Ескерткіш орнатылса, Баянөлгей аймағының Өлгей қаласының орталық көшесіне батырдың аты берілген. Алматы қаласы, Раймбек ауылында «Зуқа батыр атындағы мешіт-медіресе» бар.

Ахметұлы Б.

kerey.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: