|  | 

Жаһан жаңалықтары

АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады.

Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан.

Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған.

АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға көмек беруге және АҚШ-тың оңтүстік шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге былтыр қазан айында қаржы сұраған. Алайда әлі күнге шешім қабылданбаған еді. Республикашылдар мен демократтар негізінен Мексикамен арадағы шекараны нығайту мәселесіне келісе алмаған. Республикашылдар АҚШ-тың көші-қон саясатын қатайтуды талап етіп, онысын Украинаға қосымша көмек туралы кез келген талқы кезінде алға тартқан болатын.

Украинаны қолдау бойынша жаңа бюджеттің келісілмеуіне байланысты АҚШ-тың кейінгі кездері Киевке беретін әскери көмегі біршама қысқарған.

АҚШ президенті конгрестен заң жобасын тезірек қабылдауды сұраған. Бұл жолы сенат келісіміне байланысты пікір айтқан Байден “Украинаны қолдау АҚШ-тың қауіпсіздік мүддесіне сай келетінін” тағы да мәлімдеді. Ол егер “Украина билігіне бақылау орнатуға ұмтылысын бүгін тоқтатпаса, Путиннің Украинамен ғана шектелмейтінін, ондай жағдайда АҚШ-тың шығыны өсе түсетінін” сөз еткен.

Бұған дейін өкілдер палатасының төрағасы Майк Джонсон сенаторлар әзірлеген заң жобасы палатадан өтпейтінін мәлімдеген. Бұл заңға АҚШ-тың бұрынғы президенті, биыл қарашадағы президент сайлауына Республикалық партия атынан түсуі мүмкін Дональд Трамп та қарсы болған.

Еуроодақтың барлық елі Украинаға 50 млрд еуро көмек беруге келісті


Еуроодақ елдері басшыларының саммиті. Брюссель, 1 ақпан, 2024 жыл.

Еуроодақ елдері басшыларының саммиті. Брюссель, 1 ақпан, 2024 жыл.

Еуропа одағының барлық 27 мүшесі бейсенбі Брюссельде өткен саммитте Украинаға 50 млрд еуро көлемінде қосымша көмек беруге келісті. Қаражат Еуроодақтың 2027 жылға дейін бекітілген ортақ бюджетінен бөлінеді.

Бұл жөнінде Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Х әлеуметтік желісінде хабарлады. Бұл қадам “Украинаны тұрақты, ұзақ әрі болжалды түрде қаржыландыруға мүмкіндік береді” деді ол. “Украинаны қолдау жөнінен лидерлік пен жауапкершілікті Еуроодақ өз мойнына алады” деді Мишель.

Еуроодақ басшылары Киевке көмек пакеті бойынша шешім қабылдауға былтырғы желтоқсаннан бері қарсы болып келе жатқан Венгрияны көндірді. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Кремльге жақын саясаткер саналады.

Reuters агенттігінің жазуынша, саммит қарсаңында Еуроодақ ішінде Венгрияға қатты қысым болған. Орбанға Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жағдайында екі жақтың бірін таңдау керек деген шарт қойылған делінеді.

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа басшыларының шешімі туралы айта келе Еуроодақтың бұл қаржылай көмегі елдің ұзақмерзімді экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі деді. “Әскери көмек пен Ресейге санкциялық қысым тәрізді бұл да өте маңызды” деді ол.

Немістің dpa агенттігінің хабарлауынша, Еуроодақ басшылары Украинаға берілетін көмекті бөлісу бойынша жыл сайын пікірсайыс ұйымдастырып отыруға уағдаласқан. Қажет болған жағдайда Еуропа кеңесі екі жылдан соң қаржыландыруды қайта қарау туралы мәселе қоя алады.

Венгрия үкіметінің басшысы Орбан соңғы кездері шешім әр жыл сайын қайта қаралып отырған жағдайда 50 млрд доллар қаржы бөлу мәселесін қолдауға дайын екенін айтып келген.

  • Украина басшылығы Ресей агрессиясын қайтару үшін қару-жараққа қатты мұқтаж екенін бірнеше айдан бері айтып келеді.
  • АҚШ-та Украинаға 60 млрд доллар қаржылай көмек беру жоспарына Конгресстегі Республикалық партия қарсы болып келеді. Олар қаржы бөлу үшін алдымен иммиграцияны шектеу бойынша шара қолдану керек деген шарт қойып отыр.

Related Articles

  • АҚШ НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін бас тарта ма?

    АҚШ НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін бас тарта ма?

    Қай заманда да әскери доктринаның жүрегінде сенім тұрады. Сенімсіз одақ – қабырғасы қаланбаған қамал. Соңғы кездері АҚШ-тың НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін өзге елге беруі мүмкін деген сыбыс Вашингтон мен Брюссельдің арасындағы сенімге сызат түсіргендей… Дәл осы мәселеге қатысты генерал Кристофер Каволидің Сенаттағы сөзін Америкадағы стратегиялық ойынның беташары деуге болады. Каволи – жай ғана генерал емес, қазір НАТО-ның Жоғарғы одақтық қолбасшысы (SACEUR). Бұл титул 1950 жылдан бері тек америкалық генералдарға ғана тиесілі болып келеді. Әуелі Дуайт Эйзенхауэрдің қолына тиген бұл тізгін, АҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасындағы үстем ролін білдіретін символ ғана емес, ядролық тежеу мен стратегиялық үйлестірудің кілті болғанын білеміз. Каволи СACEUR лауазымының басқа елге берілуі – ядролық командалық жүйенің бүтіндігін

  • Зеленский мен Трамптың дау-дамайы: төрт түйін

    Зеленский мен Трамптың дау-дамайы: төрт түйін

    Стив ГУТТЕРМАН АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің суреттерінен коллаж Бұдан нашар болуы мүмкін емес… Владимир Зеленскийдің Ақ үйге сапары біраз мүмкіндікке жол ашатындай көрінген. Кездесу нәтижелі болған жағдайда, шартты түрде Украина мен АҚШ-ты байланыстыратын сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қойылуы мүмкін еді. Сонымен бірге Дональд Трамп үшін Киевті Ресейдің шабуылынан қорғауға қосымша ынталандыру болар еді. Бұған қоса, ел басшыларының кездесуі Ресеймен бітімге келу немесе бейбіт келісімге қол қою жағдайында Вашингтон Киевке қандай қауіпсіздікке кепіл бола алатынын көрсетіп, жалпы кепіл бола ала ма, жоқ па, соны анықтап берер еді. Тіпті мұның ешбіріне қол жетпеген күннің өзінде, таяуда ғана бір-біріне сын айтқан Зеленский мен Трамп кемінде достық

  • Украинадағы соғыс: Майданда не болып жатыр?

    Украинадағы соғыс: Майданда не болып жатыр?

    АҚШ пен Ресей арасындағы бәсі жоғары келіссөздерден оқ атуды тоқтату жайлы ықтимал келісімге дейін Украинадағы соғысты тоқтату төңірегіндегі әңгіме қызу жүріп жатыр. Өйткені АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау алдында Ресей мен Украина арасында жедел келісім орнатып, соғысты тоқтатуға уәде берген.  Алайда жуырдағы дипломатиялық талпыныстарға қарамастан, 28 ақпанда Вашингтонда Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің соғысты аяқтау мәселесі бойынша сөз таластыруы бұл мәселеде терең қайшылықтар барын аңғартты. Сарапшылар бейбіт келісім былай тұрсын, оқ атуды тоқтату жайлы келісімнің өзінің ауылы алыс дейді. Соған қарағанда, үш жылға созылған соғыс тағы жалғасатын сияқты. «Жергілікті жерлердегі жағдай мен оқ атуды тоқтату, бітімгерлер, жағдайды реттеу жайлы саяси дискурс арасында үлкен алшақтық бар. Оның ауылы ұзақ», — дейді

  • Киевтегі саммитте Еуроодақ лидерлері Украинаға қолдау білдірді

    Киевтегі саммитте Еуроодақ лидерлері Украинаға қолдау білдірді

    Киев, Украина. 24 ақпан, 2025 жыл. Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанда Киевте өткен “Украинаны қолдаймыз” деп аталған саммитте ондаған мемлекеттің басшысын қарсы алды. “Лидерлер, онлайн да, оффлайн да біздің егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды қолдап жатыр. Бұл Ресейдің Украинаға қарсы негізсіз, қылмыстық соғысы екенін бәріміз түсіндік” деді Зеленский. Ол Киевте 13 мемлекеттің лидерімен кездесті. 20-дан астам ел басшысы жиынға онлайн қатысты. Бұл саммит АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігінің соғысты тоқтату бойынша жаңа дипломатиялық бастамаларынан кейін өтіп жатыр. Вашингтон мен Мәскеудің Сауд Арабиясында өткен келіссөздерінен кейін Украина мен Еуроодақ өзіне тиімсіз келісім қабылданады деп қауіп еткен. “Соғысты бастаған – Ресей” деді саммитке онлайн қатысқан Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер. Ал Еурокомиссия төрағасы Урсула фон

  • Шольц Трамптың Зеленский туралы пікірлері «қате және қауіпті» екенін айтады

    Шольц Трамптың Зеленский туралы пікірлері «қате және қауіпті» екенін айтады

    Олаф Шольц Der Spiegel апталығына берген сұхбатында: «Шындық сол, Владимир Зеленский Украина мемлекетінің заңды түрде сайланған басшысы», – деді. Германия канцлері Олаф Шольц АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина лидері Владимир Зеленскийді диктатор деген мәлімдемесін үзілді-кесілді жоққа шығарды. «Президент Зеленскийдің демократиялық заңдылығы жоқ деп айту дұрыс емес және қауіпті», – деді Шольц Der Spiegel апталығына. “Шынында, Владимир Зеленский Украина мемлекетінің заңды түрде сайланған басшысы болып табылады. Соғыс жағдайында дұрыс сайлау өткізу мүмкін еместігі Украина конституциясы мен сайлау заңдарының ережелеріне сәйкес келеді. Және ешкімнің мұның керісінше талап етуге құқығы жоқ”, – деді Германия үкіметінің басшысы. Ол Украинаға қарсы соғысты Владимир Путин бастаған Ресей бастағанын еске салды. “Украина Ресейдің аяусыз агрессиясынан үш жылға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ