Арман МОМЫНОВ, ринг-анонсер: ГОЛОВКИННІҢ КЕШІН ЖҮРГІЗГІМ КЕЛЕДІ
– Арман, «Астана арландарының» бокс кешін тұрақты түрде жүргізіп келе жатырсыз. Есіңізде айрықша қалған кездесуді және ерекше көзге іліккен боксшыны айтып өтіңізші… – Биыл «Астана арландары» жетінші маусымын өткізіп жатса, мен соның алты маусымын тұрақты түрде жүргізіп келе жатырмын. Есте қалған жарқын сәттердің бірі – 2013 жылы Астанада өткен үшінші маусымның финалдық кездесулері. «Астана арландары» «Украина атамандарынан» екі күннің қорытындысы бойынша 4:5 есебімен жеңіліп жатқан сәтте 91 келіден ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев бауырымыздың ерлік көрсетіп, Ростислав Архипенконы (2:1 – 46:48; 48:46; 47:47) жеңіп, кездесуді тай-брейкке жеткізгені көз алдымда. Сонда қосымша 11-ші кездесу ұйымдастырылып, 54 келідегі Бағдат Әлімбеков мол- дован Александр Рисканды 3:0 (50:45, 49:46, 50:45) нәтижесімен жеңді. Сонда жалпы 6:5