ЕРТЕРЕКТЕ ТУҒАНДА ОЛ ҰЛТТЫҚ БАТЫР БОЛАТЫН ЕДІ..
Осыған дейінгі мақалаларымызда ұлтқа шынайы қамқор болған, заманның әлдебір саяси қитұрқы әрекеттеріне қарсылық танытып, «банды» делінген біршама қайраткерлеріміздің тағдыры туралы жаздық. Банды емес – батыр, қарақшы емес – қаһарман атануға әбден лайық тұлғалар – өз дәуірінің, тұтас бір кезеңнің беткеұстары. Заманындағы алуан түрлі оқиғаларда өзіндік ой-ақылы мен әрекеттерінің арқасында атағы шыққан олардың есімі ұлттың мәңгілік жадында жатталып қалатыны даусыз. Жаңа, тәуелсіздіктің кезеңінде «қылмыскер» деген қара ат жамалған, алайда ұлтының рухы бола білген, өмірі өте күрделі, өзгеше тағдыр иесі «Рыжий Алмаз» туралы сөз қозғау қаншалықты ауыр болса да, соншалықты маңызды. Біле тұра сөз қозғамауға бейілміз. Әлдекімдердің «қарақшы», «ұры», «бандит» дегеніне кәдімгідей иланамыз. Алайда, жетелі ес, саналы бас ондай қиянатқа көне бермес.