|  | 

Көз қарас

ЕРТЕРЕКТЕ ТУҒАНДА ОЛ ҰЛТТЫҚ БАТЫР БОЛАТЫН ЕДІ..

Almas

Осыған дейінгі мақалаларымызда ұлтқа шынайы қамқор болған, заманның әлдебір саяси қитұрқы әрекеттеріне қарсылық танытып, «банды» делінген біршама қайраткерлеріміздің тағдыры туралы жаздық. Банды емес – батыр, қарақшы емес – қаһарман атануға әбден лайық тұлғалар – өз дәуірінің, тұтас бір кезеңнің беткеұстары. Заманындағы алуан түрлі оқиғаларда өзіндік ой-ақылы мен әрекеттерінің арқасында атағы шыққан олардың есімі ұлттың мәңгілік жадында жатталып қалатыны даусыз.
Жаңа, тәуелсіздіктің кезеңінде «қылмыскер» деген қара ат жамалған, алайда ұлтының рухы бола білген, өмірі өте күрделі, өзгеше тағдыр иесі «Рыжий Алмаз» туралы сөз қозғау қаншалықты ауыр болса да, соншалықты маңызды. Біле тұра сөз қозғамауға бейілміз. Әлдекімдердің «қарақшы», «ұры», «бандит» дегеніне кәдімгідей иланамыз. Алайда, жетелі ес, саналы бас ондай қиянатқа көне бермес.
«Рыжий Алмаз» – Несіпбай Нәсенов 1961 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Бір деректерде оның Аягөз қаласында туып, әйгілі Жоламан ауылында өсіп-өнгені айтылады, басқа деректер балалық шағын Қырғызстанда өткізген дейді. Кейін атағы шығып дүркіреп тұрғанында үш рет жолығып, өз көзімен көрген, пікірлес-ниеттес болған Жұмагелді Нәдірбековтің айтуынша, ол ұлылар мекені Семейдің топырағында туып-өскен.
Сол кезеңдегі газеттерде белгілі болғандай, Қырғызстанда жүріп істі болады. Ыстықкөл аудандық халық сотының үкімімен қарулы шабуылға қатысты деген айыппен бес жылға сотталады. Улардай шулаған баспасөз беттерінде оның «түрме университетін» беске бітіргені, түрме заңын жетік білгені сондай, ақша жасау мен адам тануды да мықты меңгеріп шыққаны жайлы жарыса жазады. Туған тілінен бөлек орыс, армян, шешен, сыған тілдерін жақсы білген, ағылшын тілін үйренген деседі.
Спортпен, оның ішінде айкидо өнерімен айналысып жаттыққан. Қол астына қараған қазақтың жігіттерін де осындай шығыс жекпе-жегіне баулып дайындаған деген деректер бар. Тіпті сол кездегі қазақ мафиясының белсенді топтары – «Атаба», «Төрт ағайынды», «Бабахан» сияқты ұйымдардың мүшелері түгелі дерлік «Рыжий Алмаздың» қоластында дайындалған.
Егер ол шынымен де қандықол қарақшы, қылмыскер болса, ұлт көсемі Қонаев не үшін кездеседі? Егер ол ұлтшыл болмаса, Қазақ жерінің асты-үстіндегі байлығына бола неге «майшелпек» Машкевичпен таласады? Егер ол қаныпезер болса, жаназасына неге сан мыңдаған адам жиналады? Әрине, біз оны судан таза, сүттен ақ деуден аулақпыз, пенде болған соң оның да қателескен, аяғын шалыс басқан жерлері баршылық. Сонда да біз оны ұлттың ержүрек ұлы, қазақтың жаңа заманғы батыры, ғажайып азаматы деп толық сеніммен айта аламыз. Себебі, тәуелсіздік жылдарындағы «Рыжий Алмазға» байланысты нашар көзқарас қалыптастыратын «жаптым жала – жақтым күйелі» басылымдарды оқып, көптеген азаматтарымыз теріс түсінікте жүргені даусыз. Өлгеніне қуанып, сүйінші сұраған, әлдеқашан сарғайып, сартап болған қазақ-орыс газеттерін оқып, сана соған тәуелді болғаны бесенеден белгілі жайт. Ал тәуелсіздік хронологиясы бір ғана кісінің идеясымен жүзеге асатындықтан, «Рыжий Алмаз» туралы дені дұрыс ақпараттың болуы мүмкін де емес. Сондықтан, ол туралы өзі және оның көзін көрген замандастары «сөйлесін»:
«Мен де ұлтшылмын. Қазақтардың жақсы киінгені, жақсы өмір сүргені, жақсы машиналарды мінгені, жақсы үйде жасағаны маған ұнайды. Мен бұған рахаттанамын. …Мен өзіме де, басқаларға да Қазақстанда жақсы өмір сүру мүмкін ғана емес, міндетті екенін дәлелдегім келеді». Бұл – ұлтын сүйген жүректі ер Несіпбайдың сөзі.
Несіпбайдың әкесі Болатбек Нәсенов айтады: «Мен оны қылмыскер дегеннің біреуіне де сенбеймін. Ол бандит емес. Атасы Нәсен (37 жасында халық жауы деп Сахалинде НКВД өлтірген) сияқты халықтың жоғын жоқтаушы, елінің патриоты. 37 жасында бұл жауыздар қолынан қаза тапты». Кім баласын жамандыққа қисын, әкесі ғой дерсіз. Сотта да куәлік ете алмайтыны сияқты бұл сөздерді есепке алмасаңыз – алмаңыз. Ал 2009 жылдары ҚР Парламентінің депутаты болған айтулы азамат Бекболат Тілеухан: «Унитарлық мемлекетте бір ғана ұлт болады. Бір мысал айтайын: егер мен шешен болсам, Қазақстанға қаңғырып келген шешен боламын. Мен азулылығымнан, мықтылығымнан Ақтаудың портын тартып аламын. Кез келген шенеуніктің баласын ұрлап әкетемін деп қорқытып, тендерді тартып аламын. Бұған ешқандай қазақ қарсы келмейді. Қарсы сөз сөйлейтін қазақтың басы баяғыда қырқылған. Талғат Атабаев, Сары Алмас, Қара Алмас секілді мықты жігіттердің бәрі өлген. Бұл жерде ылғи құлдың тұқымы қалған. Үйіне кіріп алып бауыздап жатсаң, ара түсетін ешкім жоқ!» – дейді.
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Молдияр Оразалиевтің ойынша, бұл әркімге бұйыратын қабілет емес. «Атаба» (Талғат Атабаев), «Адай», «Төрт ағайынды» сияқтылардың барлығы «Сары Алмастың» қол астында болған. Бұрынғы Кеңес Одағы деңгейінде мызғымас жүйе құрған. Ол құрған империя қалай дегенде де ақылдың белгісі. Барлық құрылымдарда – прокуратурада, милицияда, сотта оның өз адамдары болған. Мәселелерін тікелей жоғары деңгейде шешіп отырған.
Жоғарыда аты аталған Жұмагелді Нәдірбеков: «Рыжий Алмаз» – өте мәдениетті, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеуде ізеті мол жігіт. Ұлттың бағына біткен азаматы. Өз көзіммен көрген адам ретінде айтарым: ол – қазақтың ғажайып тұлғасы. Мұндай рухы биік, ірі жігіт елде некен-саяқ болады, оны қаралап, тұқырта бергеннен гөрі мақтаныш етіп айта білуіміз керек деп білемін».
Шарафаддин Әмір: «Қылмыс әлемінде абырой мен атаққа кенде болмаған Несіпбайдың кейбір ойлары таңғаларлықтай. Мәселен, оны қазақ тілінің тағдыры толғандырады. «Қазақ тілінің өркендейтініне сенімдімін, – дейді ол өз ойымен бөлісе отырып. – Сондай-ақ Қазақстанды Отаным деп сүйетіндер қазақ тілін үйренулері шарт» дейді».
Төреғали Тәшенов: «Не десек те, қылмыс әлемінде дәл Несіпбай Нәсеновтың деңгейіне жеткен қазақ жігіттері болған жоқ. «Сары Алмастың» арқасында көптеген қылмыстық билік қазақтардың қолына көшкенін мойындағанымыз жөн…»
Ежелден ер халық қазақта жүректі ұлдар көп. Олардың батырлығы да кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бірақ осындай оғландарымыздың қадір-қасиетін әлі дұрыс бағамдай алмай келе жатқан сияқтымыз. Бұрындары өзге елдің көзқарасына сай, ол бабаларымызды «бандит», «қарақшы», «ұры» деп бағаласақ, ендігі жаңа кезеңде, тәуелсіздік елге айналған шағымызда ақты ақ, қараны қара дегізерлік нақтылыққа жетуіміз шарт емес пе. Сондықтан аты аталған ұлттың ержүрек ұлдарының аты жаңғырып, даңқы артуына біз – бәріміз мүдделіміз. Есіміне тіркелетін анықтауыштардың түзетіліп, шынайы жазылып, лайықты бағасын алуы – қазақ тарихына, қала берді тұлғатану саласына деген жаңаша көзқарастың қажеттілігін танытады.

 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: