Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында П.Порошенко қол жеткізілген бұрынғы уағдаластықтарға сәйкес Украина Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерісін қолдағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдауы үшін Украина Президентіне ризашылық білдірді-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.
Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасып, алдағы уақытта өтетін Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бірлескен мемлекетаралық комиссия отырысында жемісті нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенетіндерін айтты.
Қазақстан мен Украина президенттері П.Порошенконың Астанаға жасайтын алдағы сапарын да талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.
Пікір қалдыру