САҒАТ ЗАХАНҚЫЗЫ ЖАЙЫНДА ОЙ ТОЛҒАУ!
САҒАТ ЗАХАНҚЫЗЫ ЖАЙЫНДА ОЙ ТОЛҒАУ! Бір елден екінші елге көшу бұл өте күрделі және күрмеуі көп мәселе. Өйткені оның кейіпкері адам деген пенде! Ал пенденің пендешілігі мен қажеттілігінен туындайтын мәселелерін қанағаттандырып қамсыздандыру қиынның қиын ісі. Өйткені ол жалғасып туындай береді. Өзі қандай мақсат, мүддемен көшкенін ескермей бар мәселесін біреулерге немесе мекеме орындарына жүктей салатын жандар жетіп артылады. Сондықтанда бұл жол үлкен төзімділікті, сабырлықты, парасаттылықты талап етеді. Көп ішінде сөз бастаудың құдіретін айтқызбай білген қазекем көш бастаудың тозағы мен азабын адамдық абыройының абыздығынан өткізе зерделесе ғана сана сезімінен өткен жүрек қалауы екенін түсінеді деп ойлаймын. Осыдан барып атам қазақ «сабыр түбі сары алтын» деп бекер айтпаса керек. Осындай күрмеуі қиын