|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

САҒАТ ЗАХАНҚЫЗЫ ЖАЙЫНДА ОЙ ТОЛҒАУ!

Uli kosh Sagat ZaqanqiziСАҒАТ ЗАХАНҚЫЗЫ ЖАЙЫНДА ОЙ ТОЛҒАУ!

 

Бір елден екінші елге көшу бұл өте күрделі және күрмеуі көп мәселе. Өйткені оның кейіпкері адам деген пенде! Ал пенденің пендешілігі мен қажеттілігінен туындайтын мәселелерін қанағаттандырып қамсыздандыру қиынның қиын ісі. Өйткені ол жалғасып туындай береді. Өзі қандай мақсат, мүддемен көшкенін ескермей бар мәселесін біреулерге немесе мекеме орындарына жүктей салатын жандар жетіп артылады. Сондықтанда бұл жол үлкен төзімділікті, сабырлықты, парасаттылықты талап етеді. Көп ішінде сөз бастаудың құдіретін айтқызбай білген қазекем көш бастаудың тозағы мен азабын адамдық абыройының абыздығынан өткізе зерделесе ғана сана сезімінен өткен жүрек қалауы екенін түсінеді деп ойлаймын. Осыдан барып атам қазақ «сабыр түбі сары алтын» деп бекер айтпаса керек. Осындай күрмеуі қиын күрделі іске бел шеше қиын қыстау өтпелі заманда өрге тартып көш бастаған Сағат Заханқызы жайында ой толғауыма кезінде өзімде ілесіп келіп 2001 жылдан бері көші-қон саласында мемлекеттік қызмет атқарып, бұл саланың кәсіби маманы ретінде көш үрдісін зерделеп меңгергендегі түйіні шешілмейтін түсініксіз түйткілді топтамалардың тобырлы толғауларынан туындаса керек.

1991 жылы көктемде Сағат Заханқызы Моңғолия елінің Төв аймағының, Баяндэлгэр, Архуст, Тэжээл өлкесінде және Бага-нур қаласында тұратын қазақ ұлт өкілдерінің басын қосып Қазақ еліне еңбек күші ретінде көшуге болатынын, алдымен еңбек жасындағы жастар барсын артынан отбасы,         ата-анасы баруға болады деген мақсатта жиын өткізіп халықты тыңдаған екен. Жасында ел басқарған халықтың сыйлысы, ел ағасы болған Зейнолда Шудабайұлы, Машан Уәлиұлы сияқты абыз ақсақалдар, біз балаларымыздан қалмаймыз не көрсек көппен көреміз атамекенге ауыл аймағымызбен барамыз деп шешім қабылдапты. Айналасы бір-екі айдың ішінде дүркіреген ауыл алды артына қарамай көшті де кетті. Мен ол кезде мемлекеттік бас инспектор қызметінде едім. Дәл сол жиын болған кезде Хэнтий аймағында тексерінді жұмысымен жүріп көш тізімінен қалып қалдық. Елің десе есі кететін қазақ ұрпағымыз ғой. Туысқандарым өздерін тіркетіп бізді артымыздан келеді деп шешсе керек. Артта қалған аз қазақтардың бар әңгімесі Қазақстанға көшу болды. Әрбір нәрсенің себепші қозғаушы күші болатыны осы кезде бізді де қатты толғандырды. Сол жылдары Моңғолия елі демократиялық жолға түскен кезі еді. Өздерінің ұлттық мерекелерін нағыз көне салт дәстүрлері бойынша тойлай бастады. Ғажабы той күндері өздерінің ұлттық киімдерін кимеген жан болмады. Үкімет адамдары да толық киінді. Әсері 1992 жылғы көктемдегі наурыз мейрамына ұласты. Кең қолтық моңғол ағайындар айтқанымызды екі етпей қала әкімі біздің жоспарымызды қолдады. Наурызда үш күн дем алуымызға қазақтар еңбек ететін мекемелер басшыларына тапсырма берілді. Үлкендерімізге қала әкімі атынан сый сиапат көрсетілді. Бізде барымызды салып 73 отбасын ұйымдастырып қазақтың ұллтық өнерін, ұлттық тағамдарын, ойын сауықтарын көрсете алдық. Әр отбасынан наурыз көже ішу барысында көш мәселесі талқыланды. Сонымен шілде айында мен де көшетін болдым.  Қалған 73 отбасынан 66 сы менімен бірге көшуге өздері шешім қабылдады. Туысқандай болып етене жақын аралас жүрген моңғол ағайындар біздерді бір апта бойы қонақ етіп шығарып салды. 200 ден астам адамның қаншасына шет елдік төл құжатты бес күн ішінде жасатып бердім. Төрт вагонга тиелген үй мүлкі заттарын Талдықорған, Павлодар, Ақмола бағытына жібердік. Адамдарымызға жеке тапсырыс бойынша жолаушылар поезіне билет алдырдық. Моңғол ағайындарды таң қалдырғаны көшіп бара жатқан қандастарымыздың ауыз біршілігі Қазақ еліне деген құрметтері еді. Шындығына келсек көбісінде келісім шартта болған жоқ. Айтатындары алдымыздан Сағат Заханқызы мен Аятхан Тұрысбекұлының адамдары шығады деген сенімділік еді.  Бүгіндері осы азаматтардың барлығы өз еліне сіңісіп құда-жекжат болып қыз бастаған көштің қызуында көл көсір, көк туларын мақтан етіп көлікті шет елден сатып мініп көсегесі көгеріп өз отанында туылған немере шөбелерінің сыңғыр күлкісінен рухани күш қуат алып аллаға тәубе деп сайран салып жүр.

Осылай көш бастаған Сағат Заханқызының әкесі Захан Сәдірбайұлы бабамыз Моңғолия елі Баян-Өлгей аймағы Бұлғын өлкесінің тұрғыны еді.  Бала кезімізден ата-анамыз үлкендерге сәлем беріп батасын алып үлгі тұтып жүруге баулып қонақ келгенде әңгімелерін ұйып тыңдауды да көп ескерте бергендіктен бе өз басым  ес біле келе жаны жайсаң жандарды көп тыңдауға бейім болдым. Сол заманда біздің ауылда ел басқарып, партия ісіне араласып үгіт насихат жұмыстарына белсенді қатысатын бірде “бақ”әкімшілік басшысы, бірде партия ұйымының жетекшісі болып ат үстінен түспей халық арасында жүрген бүгінгінің әкімдері деуге болатын азаматтардың бірегейі тетелес өскен аталас ағайынды азаматтар Захан Сәдірбайұлы, Машан Уәлиұлы, Зейнолда Шудабайұлы аталарымыз болды. Үшеуінің серілігі, суырып салма ақындығы, әнші-жыршы, белдессе палуандықтары, пұшпақ тымақ, бұйра елтірі немесе  құндыз ішіктері, саптамалы бұлғары етіктері, күміс белбеулері өздеріне сән беріп елді елтіктіретін еді. Кілең жүйрік, жорға мінетін. Захан атамыздың торы, кері түсті аттары көп болса Машан атамыз сұрала,  қараторы, қасқа аттарды, Зейнолда атамыз ақтүсті, бурыл, жирен түсті аттарды таңдап мінетіні көз алдымда. Ат әбзелдері де ерекше еді.

Күміс ертоқым өмілдірік құйысқандарымен, қолдарында сарыала қамшы ат тұяғындағы күміс тағалар нағыз сәйгүліктерінде ғана болатын. Талай тойларда түнді таңға жалғап домбырамен салатын әндері, қыз келшектермен айтысқандары ел есінде мәңгілікке қалды.

Захан Сәдірбайұлын мойны ұзын сұңғақ келбеттілігінен бе ел жеті мойын Захан депте атайтын. Бұл кісілердің тұсында арнайы салынған қызметтік ғимарат дегендер болмаған. Қызмет орындары ат үсті немесе өз үйлері еді. Анамыз Әпіш Сәдуақасқызы ауылының ардақты әжесі атанған алтын сары салмақты бәйбіше болған. Ол кісіні халық сыйлап Бәйшем деп атайтын еді. Отбасылық сыйластық, елге деген құрметтерінен болар топырлаған қонақтардың қарасы үзілмейтін. Алты жас кезімде аттан жығылып мұрным сынып екі ай үйде жатқанымда Әпіш апамыздың қолынан қант, кәмпит, мәйек ірімшік, жарыма құрттың дәмін көбірек татқанымда есімде. Осы кісілер әкем Сансызбай Уәлиұлын кенжем деп анам Күлжәмила Қуанышқызын өз келіндерінен кем көрмей сыйлаушы еді. Өз балаларымен бірге ағайын туысының балаларына ерекше көңіл бөліп қамқорлық танытып жататын қасиеттері жандар еді.

1972-74 жылдары Бұлғын өлкесінен біраз ауыл Моңғолияның ішкі өлкесіне жұмыс күші ретінде қоныс аудара бастады. Зейнолда Шұдабайұлының ауылы тай-тұяғымен көшті. Осы кезде әкемнің бір әңгімесі есімде қалыпты. Кезінде 1950-60 жылдары Баян-Өлгей аймағының Бұлғын өлкесінен бөлінген 40-50 отбасы шекаралас Ховда аймағының Бұлғын өлкесіне өтіп көшіп кеткен екен. Сол кезде бақтың басшысы болып жүрген Захан Сәдірбайұлы 50 отбасын ұрпағың моңғол болып кетеді деп ұлтына деген ізгі ниетімен қоймайда қоймай өтініш жаздырып қайтадан өз еліне оралтқан екен. Сонда ел хат танымағандықтан үшінші сынып оқушысы Сағат апайымыз жаңағы отбасыларының өтінішін жазып бергенін әкем мақтанышпен айтқаны бар. Арада 50-60 жыл өткен соң екі ел арасына тағы өз қолымен өтініш жазып сол заманда Моңғолияның ішкі өлкесіне көшкен қазақтарды Қазақ еліне қоныстандырып нағыз қазақ болдыратынын періштесі иығына жазған ба екен!! Сағат Заханқызы Ресейдің астанасы Москвадан жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп келіп Моңғолия елінің астанасы Улан-Батыр қаласында жақсы қызметке орналасқанын естігенде әкем, әкесінің жолын жалғайтын елге еңбегімен танымал болатын баласы осы Сағат болар деп анамызға айтып отырушы еді. Көрегендік көпті көрген көне қарияларда қалыптасатынының бір куәсі осы деуге болар.

Сағат Заханқызының Москвадан Г.В.Плеханов атындағы халық шаруашылық академиясын бітіріп келіп, Моңғолия үкіметінің Жоспарлау, баға комитетінде мемлекеттік қызмет атқарып жүрген кезіндегі басқарма басшысы болған Д.Бямбасүрэн мырза  қазақ көші басталған кезде Моңғолияның премьер-минстрі болғаны тікелей ықпалды қолдау көрсетуге себепші болса керек. Және жарасымды отбасының әркез айы оңынан туып тұратынындай жолдасы марқұм Дөрбетханның үкіметте өте беделді, білікті, танымал азамат болғаны жоғарғы лауазымды басшыларға мәселе қойып шешімін табуда өз ықпалын тигізгені сөзсіз.

Дарын, кішпейілділік, көрегендік, кешірімді болу деген қасиеттер ана құрсағында бойыңа дарымаса немесе дарыған талантты аша алмасаң күйбең тіршіліктің жетегінде күндерің күңгірттеніп өте береді. Ал көп адамдар біріншіден, оны тағдырыңа жаба салады. Өйткені тәуекелге барып Сағат апайымыздай белді бекем буып кірісіп кетуге дәрменсіздік танытады, әліптің артын бағады, кейде байламы жоқ бақуатсыз жандардың ақылын тыңдайды, өзіндік ұстанымы болмай өзексіз жанды үлгі тұтады.. Екіншіден, жар таңдаудағы талғамың басыңды тасқада тауғада соғатынын, ата-бабамыздың «тектілікті» пір тұтқан қасиетін кеш түсінгеніңнен туындайды. Айтайын дегенім Сағат Заханқызындай дарынды да арынды, өнерлі де өренді, еліне халқына, қасында жүрген жандарға берері көп пенденің адамдық қасиет құрметін үлгі тұтып ұрпағыма жұғысты болсын деп тілек-батасын алып жүргенге не жетсін! Еңсеңді көтеріп еліңе құрмет қызмет көрсетіп, еліңді сыйлап өтсең ел есіміңді ұмытпайтынының бір кейіпкері бүгіндері бейнетінің зейнетін көріп Алатаудың төскейінде ұрпағының ұлағаттылығына бөленіп, маң-маң басып, өмірін өнерімен өрнектеп жүргені, қазіргі кезде Алматы қаласы Наурызбай ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшесі болып  қоғамдық жұмыстарға белсенділікпен қатысып, тыңдаған жанға тың ой ақылын қосып, немере шөберелерінің жолын тосып, ата-бабасының аманатын орындап, алға қойған мақсатына жеткен бақытты жан Сағат Заханқызының ерен еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болса керек.

                                                                          Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

kerey.kz  ұсынады

Жалғасы бар…

Related Articles

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: