2016 жылғы 8 сәуірде Мәскеуде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.
Қатысушы мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Достастықтың шеңберіндегі ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ТМД мемлекет басшылары деңгейінде алдағы күзде Бішкекте өтуі тиіс кездесуге мазмұндық тұрғыдан дайындық барысын талқылады.
«Отырыстың маңызды тақырыбы Достастық құрылуының 25-жылдығы лайықты түрде қарсы алу болды. Белгілі болатындай, ТМД 1991 жылы 21 желтоқсандағы тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Алматы декларациясымен құрылды», – деп, Е. Ыдырысов баса айтты.
Кездесуге қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Осы тұрғыда отырыстың шеңберінде ТМД үш тең төрағалары мемлекеттердің сыртқы істер министрлері таулы-қарабақ жанжал аймағындағы жағдайының шиеленісуіне орай біріккен мәлімдемені қабылдады. Бұл мәлімдеме аталған жанжалды ЕҚЫҰ Минск тобы айқындаған принциптерінің негізінде бейбіт жолмен шешу бойынша күш-жігерлерді жандандыруға шақыруын қамтиды. ТМД тең төрағаларына ұйымның бұрынғы, қазіргі және келесі төрағалары, яғни Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей кіреді.
«Біздің кездесуіміз арналған басқа маңызды сұрақ ретінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД әрекеттері мен оның құрылымдары тиімділігінің арттырылуы мен жаңғыртылуы бойынша бастамасы болды», –деп, Е. Ыдырысов хабарлады. Оның айтуынша, «берілген сұрақтар бойынша консенсус айқын көрінеді».
«ТМД-ның Бішкектегі саммитіне біздің саяси маңыздылығы жоғары ұйымымыз жаңа пішінге ие болып, одан есе заманауи, жаңартылған және жаңа күннің шарттарына сай болуы үшін тиісті шешім қабылдаймыз деген үміт бар», – деп, осы байланыста Министр қорытындылады.
Сонымен қатар, ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі қылмыстық сот ісі саласындағы бірқатар халықаралық шарттардың, Достастықтың денсаулық сақтау мен мәдени ынтымақтастық саласындағы бағдарламалық және тұжырымдамалық құжаттардың, атап айтқанда «ТМД-ға қатысушы мемлекеттер халықтарының денсаулығы» стратегиясының, Онкологиялық аурулармен күрес саласындағы тұжырымдаманың, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «ART EXPO» халықаралық көрме туралы ереженің жобаларын мақұлдады. Бұған қоса, министрлер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірқатар ұйымдарына қорғаныс, жастармен жұмыс істеу және жастар кәсіпкерлігін дамыту саласындағы базалық ұйымдар мәртебесін беру мәселелерін қарастырды.
Е. Ыдырысов ТМД СІМК шеңберінде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жұмыс кездесуді өткізіп, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін және Ресеймен өңірлік пен жаһандық деңгейлердегі ықпалдастығын талқылады.
Пікір қалдыру