«СІБІР ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫН» ЖАЗҒАН ГЕРХАРД МИЛЛЕР ТУРАЛЫ
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ Қазақ тарихының ХVIII-ғасырдың оқиғаларының кейбір тұстарында Карл Миллердің есімі кездеседі. Интернетте «Руские исследователи Казахстана и Средней Азии» атты еңбекте «Ресей Ташкент, Бұхарамен сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Олардан қандай тауар алып, қандай тауар өткізуге болатынын зерттеген. Осы мақсатта Ресейдің Гербер атты саяхатшысы1730-жылы Ор қаласынан Бұхараға сапар шеккен. Бірақ Гербер Орыс географиялық қоғамының тапсырмасын орындай алмаған. Ресейдің «Руские исследователи…» атты аталмыш ресурсында Герберден кейін 1738-жылы Карл Миллер Орынбор қаласынан Ырғыз, Торғай арқылы Бұхараға барып қайтқаны айтылады. Ол бұл cапарында 1450-шақырым жол жүріп, аман есен Орынборға келгені айтылған. Сондай ақ, Орынбор әкімшілігінің бастығы Неплюевтің ерекше тапсырмасымен Карл Миллердің 1742-жылы Жоңғар елінің басшысы Галдан Церенге елші болып барғаны жөнінде біршама хикаят