Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі
«СІБІР ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫН» ЖАЗҒАН ГЕРХАРД МИЛЛЕР ТУРАЛЫ
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ
Қазақ тарихының ХVIII-ғасырдың оқиғаларының кейбір тұстарында Карл Миллердің есімі кездеседі. Интернетте «Руские исследователи Казахстана и Средней Азии» атты еңбекте «Ресей Ташкент, Бұхарамен сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Олардан қандай тауар алып, қандай тауар өткізуге болатынын зерттеген. Осы мақсатта Ресейдің Гербер атты саяхатшысы1730-жылы Ор қаласынан Бұхараға сапар шеккен. Бірақ Гербер Орыс географиялық қоғамының тапсырмасын орындай алмаған. Ресейдің «Руские исследователи…» атты аталмыш ресурсында Герберден кейін 1738-жылы Карл Миллер Орынбор қаласынан Ырғыз, Торғай арқылы Бұхараға барып қайтқаны айтылады. Ол бұл cапарында 1450-шақырым жол жүріп, аман есен Орынборға келгені айтылған. Сондай ақ, Орынбор әкімшілігінің бастығы Неплюевтің ерекше тапсырмасымен Карл Миллердің 1742-жылы Жоңғар елінің басшысы Галдан Церенге елші болып барғаны жөнінде біршама хикаят тарихшы ғалым Ирина Ерофееваның «Между всеми старшинами знатнейший» атты кітабында айтып өткен. Онда Карл Миллердің қасына он бір қосшы ертіп Ырғыз, Торғай, Ұлытау, Бетпақдала,Қаратау рқылы жүріп, Іле өзенінің бастауы маңында орналасқан жоңғар қоңтайшысы Г.Цереннің мекенінің шетіне жеткені айтылған. Бұл жолы елші атын иеленген К.Миллерге Ресей патшасының ультиматум тақылеттес мәнде жазылған Хатын жоңғар қоңтайшысы Г.Церенге тапсыру міндеттелген. Бірақ, Миллер Г.Цереннің өзімен кездесе алмайды, анығын айтқанда, Г.Цереннің әскери қолбасшысы (Шора Манжы) Миллерге жоңғар қоңтайшысымен кездесіп, Орыс патшасының хатын оған қолма қол тапсыруға мүмкіндік бермейді. Миллер Г.Цереннің қабылдауын екі ай күтіп, кездесе алмай амалсыз кері оралған. Миллер қайтар жолында Түркістанға соғып, содан кейін ғана Орынбарға 1743-жылы жазда келген. К.Миллер Орынбордан басталып, Торғай, Ұлытау, Бетпақдала, Іле, Талас өзендерінің бойын, яғни, Қордайға дейінгі жолдардығ алқаптарды, елді мекендерді картаға түсірген. Ресейдің тарих, географиясын зерттеушілер « К.Миллердің көрсеткен жолдарымен бұрын соңды ешкім жүріп, картаға түсірмегенін» атап көрсетеді.К. Миллердің «Елшілік сапары» аталған бұл саяхаты туралы тарихшы И.Ерофееваның «Между всеми старшинами знатнейший» атты кітабында «За весь период поездки в Джунгарию и обратно К.Миллер прошел по территории Западного и Центрального Казахстана, Чу Таласского междуречье иПрисырдарьинского региона огромны расстояние величиной более четырех тысячь км.,пичем, многие обследованные им районы не посещались европейскими путешественниками как до него, так и целое столетие спустя» деп жазған ( 134-бет.)
Осы деректердің бәрі осыдан сәл бұрын «Керей.кз», «Қасым.кз» порталдарында жарияланған менің «Қазақ жерінің алғаш картаға түсірілу тарихы» атты мақаламда толығырақ айтылған.
Мен осы аталмыш мақаламды «Осы Карл Миллер деп аталған орыс саяхатшысы туралы айтар әңгіме көп, бірақ, ол басқа тақырып. Оны рет келсе, кейін жазармын» деп аяқтаған едім.
Сонымен, соңғы кезде ғасырдағы қазақ жеріндегі тарихи оқиғаларға қалам тербеп жүрген тарихшы ғалым Ирина Ерофееваның «Между старшинами знатнейший» атты кітабында кездесетін «орыс елшісі» атанған Карл Миллер деген кім?. Қазақ жерінің жартысынан астам жерін аралап, картаға түсірген Карл Миллер атты адам шынай тарихта болған ба! Міне, осы сұрақтар мені көптен мазалап жүрген болатын. Орталық Қазақстанның жерін алғаш картаға түсіріп Ресейдің географиялық қоғамына,тарихына, әрідей айтсақ, Ресейдің қазақ жерін толық отарлауына мүмкіндік ашып, еңбегі сіңген адамның Ресей тарихында, Википедияда есімі жарқырап тұруға тиісті еді. Осы оймен «Википдияны ашып қалсам, «Карл Миллер» атты бірнеше адамның деректері бар екен. Біріншісі, 1752-жылы туған, орыс армиясында қызмет еткен әскери адам болып шықты. Біздің іздеп жүрген Карл Миллеріміз жылы Орынбордан Петербургке оралғанда, «википедиядағы» К.Миллер әлі тумаған болып шықты. Ал, екінші К.Миллер бүгінгі заманның атақты «жұлдызы» екен, Үшіншісі де солай…
Өзімнің мамандығым тарихшы. Ресейдің атақты тарихшыларының еңбектерін зерделеп жүргеніме де талай жылдар болып еді. «Татар моңғол» деген тіркестің орыс тарихында қай кезде пайда болғанына біраз назар аудардым. Осы мақсатта,осыдан біраз бұрын «КАРАМЗИН: татар моғол шапқыншылығы туралы» атты мақалам біраз қазақ порталдарында жарияланған еді. Сол мақаламда ХVIII-ғасырдағы орыс историографы Герхард Миллер туралы біраз мәліметтер жазған едім. Герхард Миллер Сібір тарихына, Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар тарихшы, картограф.
Герхард Миллер Лейпциг университетін бітіргеннен кейін, Ресей Ғылым Академиясының ашылуына орай, сонда арнайы қызметке шақырылған.Ол Ресей Ғылым Академиясында қарапайым қызметтен бастап, профессор, Ғылым академиясының лауазымды мүшесіне дейін көтерілген. I-Петр патшаның тұсында Бірінші Камчатка экспедициясы Солтүстік теңіз арқылы Берингтің басқаруымен Солтүстіктің Шығысына сапар шегіп келген болатын. 1733-жылы Елизавета патшайымның бұйрығымен Екінші Камчатка экспедициясы Камчаткаға Сібірдің тайгасы арқылы бару жоспарланып, жолға дайындалған еді. Осы Екінші Камчатка экспедициясына Герхард Миллер қосылған еді. Осы күнгі Википедияда «Герхард Миллер осы Екінші Камчатка экспедициясына жетекші болған» деп жазылған.
Герхард Миллер туралы біраз тарихи деректер қалдырғандардың бірі -орыстың атақты тарихшыларының бірі, атты еңбектің авторы В.Ключевский. Ол өзінің VII-томында Г.Миллер туралы: «Он провел вместе натуралистом Гмелиным в путешествии 10 лет. (от1733 года до1743- г.) и возвратился в Петербург в 1743- г. Изучение сибирских архивов он начал с Тобольска, перерыл архивы во многих и других городах, нанимал писцов для перписки интересовавших его документов и все эти материалы привез с собой в Петербург. Так составился известный портфель Миллера 30 фолиантов запас не исчерпанный еще и доселе» деп жазған.
Ресейдің Ғылым академиясының, Географиялық қоғамы Екінші Камчатка экспедициясымен Өскеменге дейін барған Герхар Миллердің 1733-жылдан 1743-жылға дейін Якуттардың, татарлардың және сол маңда мекен еткен басқа да ұлыстардың тарихын, этнографиясын, тілдерін, ұлттық ерекшеліктерін зерттегенін айтады.Сондағы деректер Г.Миллердің 1740-жылы Тобылға келгенін айтады. Тура осы жылдан бастап Герхард Миллердің Петербургке қайтқан кезіне ( 1743-жылға) дейінгі, яғни үш жылға дейінгі үш жылда не істегені жұмбақ, не құпия болып қалған. Құпия болатын себебі, XVIII-ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде Ресейдің Сыртқы істер коллегиясы Сібір аймағының басшысы И.Неплюевке «Бұхара, Ташкент, Қытай арасындағы байланысты жақсартып, сауда ісін жолға қоюды» тапсырып жатқан кез. Өйткені, Кіші жүз бен Орта жүз хандары 1731-жылы Ресейдің қол астына өз еріктерімен енетіндігі туралы ант қабылдағанымен, Жоңғар қоңтайшысы Галдан Церен Әбілхайыр хан мен Әбілмәмбет ханға ықпалы жүріп тұрған. 1742-жылы Галдан Церен Әбілхайыр ханға, Барақ сұлтанға елшісін жіберіп, олардан төлеңгіттерімен, малдарымен бірге аманат жіберуді, үй басына салық төлеуді талап еткен. Содан кейін кіші жүз бен орта жүздің хандары, сұлтандары, билері бас қосып, Г.Цереннің талабы талқыға салады. «Қайта шапқан жау жаман» дегеннен сескенген Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет хан Жоңғария қоңтайшысының талабын орындауға келіседі, өйткені, қалмақтарға қарсы тұратын елде күш жоқ еді. Сондықтан, Барақ сұлтан Жоңғарияға аманатын жіберіп те үлгерген.
Бірақ, Әбілхайыр хан мен Шақшақ Жәнібек батыр жоңғарлықтарға қарсы орыстардың күшін пайдалануды жөн көреді. Содан Әбілхайыр хан Сібір аймағының басшысы И.Неплюевтен көмек сұрайды. Шақшақ Жәнібек батырда Әбілхайырдың бұл шешімін қостаған. Дәл осы кезге дейін, Ресей қазақ жеріндегі отаршылдық саясатын аса бір жандандыра қоймағантын.
Ұлы жүздің Ресейдің қарамағына енбеген кезі. Жоңғар қоңтайшысы Галдан Цереннің Кіші жүз бен Орта жүзге қойған талабы Ресей патшайымының намысын қайрады. Ол Жоңғарияға апаратын жолдарды зерттеуді, Ұлы жүздің, Ташкен, Бұхара хандықтарының әл қуатын зерделеуді тапсырған.
Сонымен, Сібір аймағындағы орыс билігінің алдында мынандай бірнеше маңызды мәселе тұрды. Ол біріншіден, Ұлы жүздің орналасқан аймағын, жолдарын зерттеу,
екіншіден, жоңғария қоңтайшысының әл қуатын анықтау,
үшіншіден, Бұхараға, Ташкенге, Қытайға шығатын жолдарды анықтау,
Төртіншіден, Орта жүздің, Ұлы жүздің орналасқан аймақтарын, өзен тауларын, жолдарын картаға түсіру міндеттері тұрған.
Бесіншіден,Ресей Сыртқы істер коллегиясының қатаң тапсырмасы бойынша, 40- жылдардың басында Ұлы жүздің батыры Қойгелді тонаған орыс кеуенінің құнын төлету болатын
Бұл Жоңғарияға баратын елшіліктің ресми міндеті еді.
Ұлы жүздің орналасқан Бұл Орынбор қаласының негізі әлі қаланбаған кез. Бірақ, дәл осы кезде Орынбор аймағын генерал И.Неплюев басқарып тұрған. Ол Жоңғар қоңтайшысына елші жіберуді, оған кімді тағайындауды біраз ойластырған. Ол кезде Сібір аймағы түгілі, Ресейдің өзінде жүрген жерлерін картаға түсіре алатын адам аз еді. Содан, «генерал И.Неплюев сол тұста Сібір аймағын ғылыми түрде зерттеп, тува, мордва, татар тілдерін зерттеп үлгерген Герхард Миллерді жіберуді жөн тапқан» деп мен жобалаймын. Неге олай айтып отырғанымды түсіндірейін. Өйткені ,Г.Миллер Лейпциг университетін бітірген, өте білімді, Соған дейін Өскемен, Березовка маңын терең зерттеген, татар, ногай, мордва, чуваш тілдерін түсінетін, жүрген жерлерін картаға түсіре алатын сол кездегі бірден бір адам еді. Сонымен бірге сол кезде Тобылда (Ор қаласында) Миллер текті бір ақ адам болған. Ол Герхард Миллер еді.
Ал, Жоңғар қоңтайшысына Ресей Сыртқы істер министрлігі атынан елші болып баратын болған соң, ол есімін «Карл Миллер» деп өзгерткен деген қорытындыға келуге болады. Кейбір интернеттік жазбаларда, «Руские ислледователи «Казахстана и Средний Азии XVIII-века» деп аталған тақырыпта жaзылған деректерде 1742- жылы Жоңғария қоңтайшысы Галдан Церенге елші болып барған Карл Миллер деп көрсетілген. Бұл жазбада К.Миллердің Ырғыз, Торғай, Сарысу, Қараторғай, Ұлытау, Бетпақдала, Іле, Талас өзендерінің бойымен Іле өзеніні бас жағында отырған Жоңғар қоңтайшысының мекенінің шекарасына дейін барғаны аталған. К.Миллер сол елшіліктен қайтарында Сырдария бойымен жүріп отырып, Түркістанға соққан. Оның осы елшілік сапарда 4 жарым мың шақырым жерді жүріп өткені айтылады. Осы жолы Карл Миллер атанған адамның жүрген жолдарын картаға түсіргені, Және бұл жолмен (Бетпақдала арқылы) бұрын соңды Миллерден бұрын еш орыс саяхатшысы жүрмегені аталған. 1743-жылдың тамызында губернатор И.Неплюев Ресейдің Сыртқы істер коллегиясына жіберген хабарламасында «Известный и между всеми киргиз кайсацкими старшинами знатнейший Джанибек тархан … в препровеждении ехавшего из Зюнгарского владения майора Миллера довольную верность и службу оказал» деген. (АВПРИ. Ф.) Байқаған адамға Сібір губернаторы өз хабарламасында Миллердің есімін көрсетпеген. Бір қызығы, орталық қазақстанның Жоңғарияға дейінгі картасын сызып, Жоңғария , Бұхар, Ташкент хандықтарының әл қуаты мен оған тікелей апаратын Бетпақдала жолын картаға түсіріп берген И.Неплюев айтқандай «верность и службу оказал» деген «Карл Миллер» дегеннің деректері, не есімі 1743-жылдан кейін Орынбор, Тобыл, Ор тарихында айтылмайды. Өйткені, Герхард Миллерден басқа Миилер Тобыл, Ор, Орынбор, Өскемен бекіністерінде 1733-1743-жылдары болмаған. Мен Ресей тарихының интернетінен ғасырда өмір сүрген Карл Миллерді іздегенде бірақ, К.Миллер шықты. Сол кезде Вятскідегі орыс армиясында офицер шенінде болған ол1752- жыл туған болып шықты. Яғни, Герхард Миллер Сібірде жүрген кездерінде ол әлі тумаған екен. Яғни, жылы Жоңғария қоңтайшысы Г.Церенге жіберілген «елшілік экспедициясын» басқарған Карл Миллер деген тарихта болмаған, не елшілік ұйымдастырылған кезде бір себептермен есімі өзгертілген. Оның себептері мынада деп айтуға болады.
Біріншіден, Герхард Миллер «Екінші, Камчатка экспедициясымен» Сібір тайгасы арқылы Камчаткаға баруға тиісті еді. Бірақ, Г.Миллер Өскеменге жеткенде ауырып қалып, Камчатка экспедициясына ілесе алмай, Өскеменде қалған.
Жалпы, Герхард Фридрих Миллер орыс тарихына өлшеусіз еңбек сіңірген тарихшы ғалым.
1743-жылы Орынбордан Петербургке оралған Герхард Миллер Елизавета патшайымның бұйрығымен бірнеше лауазымды қызметтерге тағайындалған.Бірақ, 1749-жылы Ресей Ғылым академиясында болған үлкен жиында «Орыстар шыққан тегі нормандықтар» деген концепсиясы үшін,Герхард Миллер Академик М.Ломоносовтың кәріне ұшыраған. Соған қарамастан Г.Миллер 1750- жылы «Сібір патшалығының сипаттамасы» атты екі томдық кітабын жазды. Оның екінші томы түрлі себептермен толық жазылмаған. Бір назар аударатыны, осы кітапты М.Ломоносов Ресейде бастыртуға қарсы болған. Өйткені, Миллер жазған Орта Азия халықтарының тарихы Ломоносовтың «Орыс халқы осы күнгі тұратын жерге Шығыстан келді» деген тұжырымына қайшы еді. Ал, Г.Миллер бұл кезде «орыстардың арғы тегі нормандықтардан тарайды» деген концепцияға негізделген еді. Содан жылы Миилер «Сібір патшалығының сипаттамасы» еңбегін шетелдік журналда жариялаған.Содан кейін барып, бұл тарихи, ғылыми еңбек Ресейде тараған. Өйткені, соған дейін, Орта Азия халықтары туралы нақты ғылыми деректер Ресейде де, Еуропада да жоқ, белгісіз еді. «Сібір патшалығының сыпаттамсынан» кейін ғылыми ортада Г.Миллердің беделі артты. Ол одан кейін жазған ғылыми еңбектерін өзі басқарған орыс журналында,шетелдердің басылымдарында жиі жариялап тұрған. Г.Миллердің аталмыш кітабының екінші томында татар халқымен көрші тұратын елдердің де сыпаттамасы бар десетін. Г.Миллердің ғұмыры мен еңбектерін зерттеушілер, Сібір аймағын, Қырғыз қайсақ (қазақтың) жерінің басым бөлігін аралап,1733–43- картаға түсіріп, 35 мың шақырымнан астам жерді жүргенін, 4 мыңнан астам архивтік қолжазбаларды Петербургке алып келгенін жазды. Тарихшы Ключевский «Г.Миллер мыңдаған қолжазбалармен бірге 30-фолиант ала келгенін атап көрсетіп, олардың көбі әлі зерттелмей жатқанын» атап жазған. . (Фолиант дегеніміз түрлі түсті миниатюралармен көркемделген, әсем жазулы, құрыммен тысталған кітап). Сондай ақ, Ключевский II-Екатерина патшайымның Герхард Миллердің Орта Азиядан әкелген біраз архивтік құжаттарын 20 мың сомға сатып алғанын айтады. 20 мың сом ол кезде өте көп ақша. Миллер өзіне көрсеткен қамқорлығы үшін патшайымға алғысын білдірген.
Герхард Мииллер Академияда көптеген жауапты қызметтер атқарған. Орыс патшайымының бұйрығымен Мәскеудің мемлекеттік аривінің негізін қалап, соны басқарған. Г.Миллердің «Сібір тарихынанда» басқа көптеген ғылыми еңбектері өзі редакциялаған журналда, шетелдегі журналдарда француз, неміс тілдерінде Сібірдегі зерттеген еңбектері жарияланып тұрған. «Г.Миллердің түсірген Сібір картасы да Ресей географиялық қоғамына қосқан үлкен еңбегі болды. Сол себепті Г.Миллер орыс географиялық қоғамын Ресей Ғылым Академиясына қосу туралы кезінде ұсыныс жасаған. Г.Миллердің орыс тарихнамасы мен тарихына қосқан үлесінің маңызы зор болды. 1781-жылы Г.Миллер дүниеден өткеннен кейін де орыстың атақты тарихшылары Н.Карамзин, Татищев, Новиков және тағы басқалар оның Сібірден алып келген архивтік құжаттарын көп пайдаланған. Н.Карамзин «История Государства Российского» атты әйгілі көп томдық еңбегінде «Әбілғазының «Түрік шежіресін» пайдаланғанын «Алтын орда», «Татар моғол шапқыншылығы» атты таруының жиегінде көрсетіп отырған. Яғни, Әбілғазы мен басқа да орта Азия ғұламаларының еңбектерін Н.Карамзин тек Г.Миллер әкелген Сәбір архивтерінен алуы мүмкін еді. Г.Миллер Сібір құжаттарын Петерборға жылы алып келсе, Н.Карамзин өзінің атақты «История государства Российского» көптомдығын жылы ғана шығарған. Кейінгі орыс тарихнамашылары әлі күнге дейін Г.Миллердің тарихқа қатысты еңбектерін зерттеп, ғылыми атақ алып жүр. Ал, Г.Миллердің Сібірден алып келген төрт мыңнан астам мұрағаттық құжаттардың толық зерттелмегенін айтып жүр. II-Екатерина патшайымның «Қазақтар өздерінің тарихын білмегені дұрыс» деген сөзі ел арасында бар. Екатерина патшайым Герхард Миллерден көптеген Сібір құжаттарын мың сомға сатып алды» деп жазған атақты орыс тарихшысы В.Ключевскийдің сөзі тағы бар. Патшайымның Г.Миллерді Мәскеу аривінің бастығы етіп тағайындағыны да рас. Шамамен сол жылдары Г.Миллер өзі бұрын «Орыстардың түбі нормандықтардан шыққан» деген концепциясынан және Сібірге барып келгеннен кейінгі көзқарастарынан бас тартқаны мәлім. Осыдан кейін.Г.Миллердің соңғы жазбаларында бұрынғыдан өзге көзқарастар пайда болды. Сондай ақ, « жылы Мәскеуді француздар өртегенде Мәскеу архивінің біраз құжаттары жанып кетті» деген сөздің болғаны да рас. Бірақ, бүгінгі орыс тарихшыларының арасында Г.Миллердің Сібірден әкелген мұрағаттық құжаттарының әлі толық зерттелмей жүргенін айтушылар да бар. Мұны қадап айтып отырған себебім, орыс тарихында өзіндік орны бар Г.Миллердің1733-1743- жылдар арасында Орта Азиядан жинаған төрт мыңнан астам мұрағаттық құжаттар мен қолжазбалардың Мәскеу Мемлекеттік архивінде, бұрынғы Сыртқы істер коллегиясының мұрағатында, бұрынғы Ресей географиялық қоғамының мұрағаттарында әлі күнге сақталуы әбден мүмкін жағдай. Осы мұрағаттардағы құжаттарды зерттеуге Қазақстан Ғылым Академиясы бас болуы қажет. Өйткені, ғасырдан бастау алатын қазақ тарихы , яғни, қазақтың Шыңғыс ханнан бергі, Алтын орда тарихы осы жылдары Қазақ жерінен жинап, Петербургке алып барған мол (мыңдаған) архивтік құжаттардың Шыңғыс хан, Батыйхан, Жошыхан тарихына қатысты екеніне менің күмәнім жоқ.Сондықтан, «Қазақстан тарихын» толыққанды, дәлелді жазып шығу үшін бүгінгі тарих ғылымының жас ғалымдары осы Герхард Миллердің Қазақ жерінен (Бұхарадан, Тәшкеннен, Түркістаннан) алып кеткен, бүгіндері жоғарыда аталған мекемелердің мұрағаттарында сақталған құжаттарды, қолжазбаларды зерттеу өте қажет ақ. Бірақ, оларды зерттейтін ғалымға Шағатай,Араб, Түрік тілдерін білу міндетті. Өйткені, ол кездегі (Шыңғысхан, Батыйхан, Жошыхан, Алтын орда кезіндегі) құжаттар осындай тілдерде жазылған.
Айтпақшы, орыс тарихшысы Ханыковтың еңбегінде және «Русские исследователи Казахстана, Средней Азии ХVIII- века» атты мақалада Карл Миллердің жылдары Жоңғариға елші болып барғаны, сол жерлерді картаға түсіргені айтыладыда, оның соған дейінгі және одан кейінгі өмірі туралы жазылмаған. Егер Карл Миллер картограф, тарихшы этнограф болса, оның толық өмірбаяны туралы деректер орыс тарихында болуы керек еді. Яғни, Карл Миллердің 1740-жылға дейінгі,сосын 1743-жылдан кейінгі өмірбаяны, қызметі туралы деректер еш жерде жоқ.
Бір сөзбен айтқанда, «Қырық ауыз сөздің, бір ауыз түйіні» дегендей, біраз тарихи құжаттарды зерделей келіп, 1742-1743- Жоңғария қоңтайшысына елші болып барған Карл Миллер емес, аты жөні өзгертілген Герхард Миллер деп уәж айтамын.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, тарихшы
kerey.kz
Пікір қалдыру