|  |  |  | 

Жаңалықтар Саясат Қазақ шежіресі

Қазақстанның даулы жерлерді Қытай мен Ресейден қалай алғаны белгілі болды

“Хабар” телеарнасындағы “Тәуелсіздік тағылымы” бағдарламасында Қазақстан шекарасының қалай бекітілгені айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіTengrinews.kz те.

“Мен әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан шекарасының заң жүзінде қалай бекітілгені жайлы айтқым келіп отыр. Қытай Халық Республикасымен өте қиын келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер 1992 жылы басталып, 1994 жылы шекараны жүргізу туралы келісімшартқа қол қойылды, бірақ екі жер телімі даулы болды – бұл ежелгі жерлеріміз еді. ХІХ ғасырда жасалған келіссөздер осы даулы мәселелер жер телімдерінің Қытайдың иелігінде екенін көрсетті. Алдымызда қиын мәселе тұрды – осы территорияға иелік етуге құқық алу”, – деп еске алды Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, қытай делегаттары мың, тіпті он мың жыл бойы келіссөз жүргізуге дайын еді, алайда қазақстандық саясаткерлер осы кезде Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады.

“Біздің Президенттің айтқан сөздері сенімді болды, ол бұл мәселені қазір шешу керек және жерді Қазақстанда қалдыру керек деді, себебі болашақта бұл мәселе Қазақстан үшін де, Қытай үшін де үлкен проблема туғызады, біз стратегиялық серіктес бола алмай қаламыз деді. ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь сол кезде “Мен ашығын айтайын, қытай халқы, оның ішінде Гонконг пен Тайвань халқы бұл мәселені шешуге қарсы” деді. Сонымен қатар, әскері де қарсы болды. Президентіміздің жігері мен стратегиялық көрегенділігінің арқасында, бұл мәселе Қазақстанның пайдасына шешілді”, – деді сол кезде сыртқы істер министрі қызметінде болған Сенат спикері.

Қытаймен келісімшартқа 1996 жылы қол қойылды, ал 2002 жылы демаркация туралы келісімшарт жасалды, яғни шекара белгілерін қою туралы шешім.

“Өзбекстанмен де, Қырғызстанмен де осындай мәселе болды. Шекарада халықтың бір-біріне тығыз орналасқаны соншалықты, шекара үйдің ортасынан өтті, мәселен жатын бөлмесі бізде болса, асханасы арғы мемлекетте кетті. Келісу керек болды. Келіссөздердің соңғы кезеңінде мені ауыр артиллерия ретінде осы мәселеге араластырды, біз осы мәселені шештік, осы мемлекеттердің басшылары бізге жоғары баға берді”, – деп еске алды Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, Ресеймен де осындай келіссөздер оңай болған жоқ, өйткені тарихтағы белгілі себептер болған, анығында Ресеймен ешқандай да тарихи келіссөздер жүргізілмеген.

“Біз әкімшілік шекара бойымен жүрдік, келіссөздер қиын болды, сонда біздің Президент тағы да сенімді дәлелдер келтіріп, құжатқа қол қойылды, бұған Ресей президенті “Бұрынғы Кеңес Одағының ішіндегі шекара бойынша көзқарасымды жақсы білесіз, бірақ сізге деген зор құрметіммен бұл келісімшартқа қол қоямын да, парламенттен ратификациялауды сұраймын” деді”, – деп еске алды Қасым-Жомарт Тоқаев.

2006 жылы екі елдің парламенті Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны жүргізу бойынша келісімшартты ратификациялады.

Tengrinews.kz

Related Articles

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: