Украинада Георгий лентасына тыйым салынды
© РИА Новости
Украинаның шығысындағы Авдеевка қаласы мен оның шетіндегі өндірістік аймақта – күнде соғыс. Қала шетінде оқ тимеген, жарылыс болмаған жер қалмаған. Қаланы сепаратистер мен Ресей жасақтарынан Украина әскерінің 72-механикаландырылған бригадасы қорғап тұр. Азаттықтың Украина қызметінің фотогалереясы. 1 Майдан шебінде өздерімен бірге тұрып жатқан мысықты ұстап тұрған әскери қызметкер. 2 Өндірістік аймақ. 3 Авдеевканы күн сайын танкілер атқылайды. Бірақ Украина солдаттарының айтуынша, кейінгі күндері танкілер азырақ атқылайтын болған. Суретте: танкінің толық жарылмай қалған оғы. 4 Өндірістік аймақтағы қоймалардың бәрі осылай қираған. 5 Снаряд тиген көлік. 6 7 Күнделікті атыс болатынына қарамастан, солдаттар бекінген жерлерін жылыту үшін отын бұтайды. 8 Бұл жауынгер соғысқа не үшін келгенін “5 жасар қызым бар, ол кейін “сен
Қырымдағы әскери лицейдің Одессаға көшкеніне – үш жыл Одессада сапта тұрған лицеистер мен офицерлер. Севастополь әскери-теңіз лицейі оккупацияланған Қырымнан Одессаға үш жыл бұрын көшкен. Жаңа орында жасөспірім лицеистер, офицерлер мен оқытушылардың өмірді қайта бастауына тура келді. Ал бұрын әскери теңізшілер даярлаумен айналыспаған Одессада әскери-теңіз күштерінің оқу орындары – әскери-теңіз лицейі мен институты пайда болды. 2014 жылғы наурыздың 20-сы күні әскери-теңіз күштерінің Нахимов атындағы Севастополь академиясының ту тұғырына Ресейдің үш түсті жалауы ілінді. Оқу орнын басқару Ресей тағайындаған әкімшілік қарауына өтті. Бірақ антынан айнымаған офицерлер мен курсанттар және сертінен таймаған лицеистер Украинаның мемлекеттік туы мен әскери-теңіз туын бірнеше күн бойы Нахимов академиясы территориясында орналасқан әскери-теңіз лицейі алаңында іліп жүрді. ЖАУЫНГЕРЛІК ТУ
Донецк облысындағы украин әскерилері. Украина, маусым 2015 жыл. АҚШ сенаты Украинаға 300 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек беруді мақұлдады. Бұл әскери көмек АҚШ-тың 2016 жылға арналған әскери бюджетін 612 миллиард АҚШ долларына түзету кезінде бөлінбек. Конгресстің жоғары палатасы мүшелері әскери көмек туралы қарарды 18 маусымда қабылдаған. Құжатты 71 сенатор қолдап, 25-і қарсы дауыс берді. Сенаторлар шығысында ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан Украина әскеріне радиолокациялық құрал-жабдық, танкіге қарсы қолданылатын қару мен басқа да әскери техникалар беруді ұсынады. Бұған дейін конгресстің өкілдер палатасы 2016 жылға арналған қорғаныс бюджеті туралы өз заң жобасын ұсынған. Ондағы ұсыныстар арасында Украинаға 200 миллион АҚШ долларының әскери көмегін беру қарастырылған еді. Азаттық радиосы
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!