АҚШ сенаты Украинаға әскери көмек беруді мақұлдады
АҚШ сенаты Украинаға 300 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек беруді мақұлдады. Бұл әскери көмек АҚШ-тың 2016 жылға арналған әскери бюджетін 612 миллиард АҚШ долларына түзету кезінде бөлінбек. Конгресстің жоғары палатасы мүшелері әскери көмек туралы қарарды 18 маусымда қабылдаған. Құжатты 71 сенатор қолдап, 25-і қарсы дауыс берді.
Сенаторлар шығысында ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан Украина әскеріне радиолокациялық құрал-жабдық, танкіге қарсы қолданылатын қару мен басқа да әскери техникалар беруді ұсынады. Бұған дейін конгресстің өкілдер палатасы 2016 жылға арналған қорғаныс бюджеті туралы өз заң жобасын ұсынған. Ондағы ұсыныстар арасында Украинаға 200 миллион АҚШ долларының әскери көмегін беру қарастырылған еді.
Азаттық радиосы
Пікір қалдыру