СІЗ БІЛУГЕ ТИІС ҚАЗАҚ ҰЛЫ немесе «ҚАЗАҚТЫҢ УСЕЙН БОЛТЫ» ЖАЙЛЫ
Усейн Болт – бұл желаяқ адамды әлемде бәрі біледі, алайда сіз «Қазақтың Усейн Болтын» білесіз бе? «ҚАЗАҚТЫҢ УСЕЙН БОЛТЫ» Марат Жыланбаев(1963 жылғы) Ямайканың Усейн Болтын он орап өтеді. Неге дейтін шығарсыз?! Өйткені ол әлемдегі адам тұрмақ жануар өмір сүрмейтін жантөзгісіз ыстық құмдарды жүгіріп өткен, қарлы шыңдарды жүгіріп бағындырып, Гиннесс рекордын талай рет жаңартқан. Сонымен, сөзіме сенбесеңіз Марат Жыланбаев жеткен жетістіктерге назар аударыңыз: 1. 1991 жылы 30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5652 метр) жүгіріп шығып, екінші орын алды. Бұл көрсеткіш кез келген альпинистен 2,5 сағатқа артық. 2. 1992 жылы 4-19 ақпан аралығында ТМД елдері арасында алғаш рет ең ұзақ қыстық марафон ұйымдастырып, Екібастұз-Алматы (1480 шақырым)